Сот-мемлекеттік биліктің бір тармағы
Фото
Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асыратын орган-сот жүйесі.
Сот жүйесі- бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Ал, негізгі міндеті- қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, заңдардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту.
Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асырады. Басқа органдар мен тұлғалар судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.Сот билігі-Ата Заңымызда бекітілген мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы. Сот билігінің абыройы-мемлекет абыройы, ар-ожданы. Бұл абырой, сот билігіне әр іс бойынша заңдылыққа бағына отырып, тек шындық үстемдік құратын әділ де заңды шешімдерімен ғана, қасықтап жиналатын қоғам сеніміне ие болғанда мүмкін болары хақ.Ал, мұндай халық сенімі қандай да бір өлшемге сыймайтын, көрсеткіштермен есептелмейтін- би адал, шешім әділ болғанда ғана қол жеткізе алатын әділдіктің ауыр таразысы, шындықтың шыңы.
Қармақшы аудандық сотының бас маманы
сот отырысының хатшысы
С.Жалғасбаева