» » Әділдіктің екі қайнар көзі бар

Әділдіктің екі қайнар көзі бар

Қазақстан Республикасының әділет органдары – өз құзіреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары. Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы 2002 жылы 18 наурызда қабылданған заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 12 қазандағы Жарлығы мен әділет органдары қызметкерлерінің күнін атап өту белгіленген. Өз тарихында әділет органдары мемлекеттіліктің нығаюы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауға әрдайым белсенді үлесін қосып келеді.
Ауданымызда құқықтық заңнамалар аясында әділетті қызмет атқарып келе жатқан органның алар үлесі ұшан-теңіз.
Бүгінде әділет органдары жүктелген құқықтық көмек пен заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыруда. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан елдің Туын тік көтеріп, мерейін асыратын, абыройын асқақтататын қызметкер болу – мәртебелі міндет.
«Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру» деп Цицерон айтқандай, әділдік жолында қызмет атқарып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және барлық мәселенің заң шеңберінде жүзеге асуы – басты ұстанымымыз.
Жыл басынан бері ауданаралық әділет басқармасында ҚР ӘҚБтК-нің 460-бабына сәйкес 63 әкімшілік іс қозғалып, 443310 теңге айыппұл салынып, бәрі толық өндірілді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша 30 бұйрық қабылданып, қатынас арқылы 74 өзгерістер мен толықтыру тіркелді. Басқарманың құқықтық насихат жұмыстары бойынша семинар, дөңгелек үстел, лекция, қабылдау, заңгерлік көмек көрсету, онлайн семинар, онлайн кездесу, әлеуметтік желілер арқылы түсіндірмелер жүргізіліп келеді.
Сала мамандары төл мерекесінде зор құрметке ие болып, қызметтеріне деген құлшынысы арта түскендей. Әділет органдарының ардагерлері бізге қашанда жол көрсетер ақылшымыз. Ұжым айтулы мерекеге толымды табыспен, жоғары жетістіктермен келіп отыр. Әрі қарай да халыққа сапалы қызмет көрсететін боламыз.
Н.АСАНОВА,
Қармақшы ауданаралық әділет басқармасының басшысы, заңгерлер одағының мүшесі
03 қазан 2020 ж. 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031