» » Сот билігіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті

Сот билігіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті

qarmaqshy-tany.kz Қазақстанда сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол барлық құзіретін республика атынан жүзеге асырады. Тәуілсіздік жылдарындағы сот билігі еліміздің саяси және экономикалық даму жолында қоғамдық қатынастардағы түйіткілді тұстарды реттеуде жемісті үлес қосып келеді. Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында туындайтын дауларды өркениетті түрде, заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу – демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті дәрежеде қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығының басты көрсеткіштері. Ендеше, сот билігіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті.
Заң үстемдігі жолымен шешілуіне наразылық танытатындар да болады, бұл олардың ең бірінші кезекте құқықтық сауатының таяздығынан боп келеді. Өйткені, жеке басының мүддесін заңнан да үстем қоятындар баршылық. Бұл оның құрмет пен жауапкершілік сезімінің төмен екендігін, заңға бағынбауға бейім тұратын эгоизмнің, қоғамды сыйламайтындығын білдіреді. Әйтсе де, судьялар өз жұмысында тек баршаға ортақ заң үстемдігін басшылыққа алатындығын түбегейлі түсінгені абзал.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметсіздік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сондықтан да, тараптардың сот отырысы барысында белгілі бір тәртіпке бағыну қажеттігін ұмытпағаны абзал. Ең бірінші кезекте өзіне, айналасындағыларға, процесті жүргізіп отырған судьяға құрметпен қарағаны жөн. Себебі, сотты құрметтеу – заң үстемдігін құрметтеу деген сөз.
Сотқа деген құрметсіздік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік тек ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде ғана емес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде де қарастырылған. Мысалы, аталған кодекстің 653-бабында сотқа деген құрметтемеушілік үшін жауапкершілік көзделген.
Біріншіден, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда, олардың шақыру қағаздары, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер /әрекетсіздік/ – ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Екіншіден, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер /әрекетсіздік/ – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Сот отырысы залындағы тәртіпті бұзып, олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жауапкершіліктің белгілері анықталса, сот оларға қатысты құжаттарды, прокурорды ескере отырып, алдын ала тергеу органына жолдай алады. Бұл жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 410-бабында көрсетілген. Сотты құрметтемеу:
Біріншіден, сот талқылауына қатысушыларды қорлау, сотты құрметтемеу – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Екіншіден, судьяны және /немесе/ алқа биді қорлаудан көрінген дәл сол іс-әрекет – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Сотқа келген әрбір адам өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп құқықтық мәдениетті сақтауы қажет деп санаймын.
Аида МЫРЗАҒҰЛОВА,
Қармакшы аудандық сотының бас маманы,
заңгерлер одағының мүшесі
18 қаңтар 2023 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930