» » Сот билігіне құрметпен қарау-әр азаматтың міндеті

Сот билігіне құрметпен қарау-әр азаматтың міндеті

qarmaqshy-tany.kz Қазақстанда сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің  дербес тармағы болып табылады. Ол барлық құзіретін Республика атынан жүзеге асырады. Тәуілсіздік жылдарындағы сот билігі еліміздің саяси және экономикалық даму жолында қоғамдық қатынастардағы түйіткілді тұстарды реттеуде жемісті үлес қосып келеді. Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында туындайтын дауларды өркениетті түрде, заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу- демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті дәрежеде қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығының басты көрсеткіштері болып табылады. Ендеше, сот билігіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті.
Заң үстемдегі жолымен шешілуіне наразылық танытатындар да болады, бұл олардың ең бірінші кезекте құқықтық сауатының таяғыздығынан боп келеді. Өйткені, жеке басының мүддесін заңнан да үстем қоятындар баршылық. Бұл оның құрмет пен жауапкершілік сезімінің төмен екендігін, заңға бағынбауға бейім тұратын эгоизмің, қоғамды сыйламайтындығын білдіреді. Әйтсе де, судьялар өз жұмысында тек баршаға ортақ заң үстемдігін басшылыққа алатындығын түбегейлі түсінгені абзал.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртібесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметсіздік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа акеп соғады. Сондықтан да, тараптардың сот отырысы барысында белгілі бір тәртіпке бағыну қажеттігін ұмытпағаны абзал. Ең бірінші кезекте өзіне, айналасындағыларға, процесті жүргізіп отырған судьяға құрметпен қарағаны жөн. Себебі, соты құрметтеу-заң үстемдігін құрметтеу деген сөз.
Сотқа деген құрметсіздік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік тек ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде ғана емес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде де қарастырылған. Мысалы, аталған кодекстің 653-бабында сотқа деген құрметтемеушілік үшін жауапкершілік көзделген.
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарау мүмкін болмаған жағдайларда, олардың шағыру қағаздары, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер /әрекетсіздік/- ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер /әрекетсіздік/ - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салуға не он тәулікке дейнгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Сот отырысы  залындағы  тәртіпті бұзып, олардың іәрекеттерінде қылмыстық жауапкершіліктің белгілері анықталса, сот оларға қатысты құжаттарды, прокурорды ескере отырып, алдын ала тергеу органына жолдай алады. Бұл жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 410-бабында көрсетілген. Сотты құрметтемеу:
1.Сот талқылауына қатысушыларды қорлау, сотты құрметтемеу- бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Судьяны және /немесе/ алқа биді қорлаудан көрінген дәл сол іс-әрекет- екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Сотқа келген әр бір адам өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп құқықтық мәдениетті сақтауы қажет деп санаймын.
Қармакшы аудандық сотының бас маманы,
 заңгер одағының мүшесі  Мырзағұлова Аида
12 қаңтар 2023 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031