» » Азаматтарға заң көмегін көрсету туралы

Азаматтарға заң көмегін көрсету туралы

qarmaqshy-tany.kz Адвокаттық қызмет Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі 176-VІ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Адвокаттық қызмет деген адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Ал заң көмегі дегеніміз — әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі делінген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 23-бабында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін өзге тұлғалар өтеусіз көрсете алатындығы көрсетілген.
Заң көмегін көрсететін тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру және кәсіптік міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады. Заң көмегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруда жәрдемдесу мақсатында көрсетіледі. Заң көмегін көрсету кезінде клиенттің ар-намысын қорлайтын немесе қадірқасиетін кемітетін, оның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына қол сұғатын, оның жеке және отбасылық құпиясын, жеке салымдар мен жинақ ақшалардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесулердің, пошталық, телеграфтық және өзге де хабарлардың құпиясын бұзатын әрекеттерге тыйым салынады. Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасының бірі қалалық және ауылдық жерлердің халқын адвокаттық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес адвокаттар алқасында тағылымдамадан ойдағыдай өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді. Ал осы заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тап­сырған, сотта тағылымдамадан ойда­ғыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1),2),3),9),10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар, теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылды. Яғни, аталған заңнама талаптарына сәйкес кейбір тұлғалар аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтпей адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия ала алады.
Н.АСАНОВА,
Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы
басшысының міндетін атқарушы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі
02 наурыз 2023 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031