» » ЖОҒАРЫ ЗАҢГЕРЛІК БІЛІМІ БАР АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

ЖОҒАРЫ ЗАҢГЕРЛІК БІЛІМІ БАР АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

Биылғы жылдың 5 шілдесінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
Бұл Заңда адвокат мамандығына қол жетімділігін, адвокаттардың қатарына жас заңгерлердің қосылуын қамтамасыз ететін бастапқы нысаналы жарна түріндегі мүліктік кедергіні алып тасау көзделді.
Жоғары заңгер білімі бар азаматтарды адвокаттық қызметпен айналысуға шақырамыз. Адвокаттық қызметті атқару үшін қойылатын талаптар:
жоғары заң білімінің болуы;
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясының болуы.
Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Кеңсесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34 бабы 1 тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіліктерін тоқтатқан адамдар;
Теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия ала алады.
02 тамыз 2018 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031