» » Ассамблея туралы заң түзетіледі

Ассамблея туралы заң түзетіледі

Палата басшысы Нұрлан Нығматулин­нің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне қандай мәселелер шығарылатыны айқындалды.

Алдағы жиында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» жаңа заң жобасы, ілеспе түзетулерімен бірге, бірінші оқы­лымда қалаулылар қарауына ұсынылады. Бұл құжат адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетіл­діруге бағытталады. Атап айтқанда, қор­ғау­шылардың құқықтық мәртебесін нығайту, заңгерлік көмектің сапасын арттыру және халықтың әлеуметтік осал топтарының, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың тегін негізде заң көмегін алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Сондай-ақ «Қазақстан халқы ассам­блеясы туралы» қолданыстағы заңға ұсы­нылатын жаңа заңнамалық түзетулер де депутаттардың талқылауына шы­ғарылмақ. Күн тәртібі жобасына, бұдан бөлек, рати­фикациялық жоба – Қазақстан мен АҚШ үкіметтері ара­сындағы мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету үшін төлемақы алуға қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасы еніп отыр.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата Мәжілістің бейінді комитетіне «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеп береді деп күтілуде.
27 наурыз 2018 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930