» » Қауіпсіздік рейтингтен құндырақ

Қауіпсіздік рейтингтен құндырақ

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында еліміздегі кәсіпкерлік қызметті реттеуге қатысты жаңа заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатты талқылау барысында палата төрағасы басы артық бақылау функцияларын қысқартуды және бизнестің жауапкершілігін арттыруды жақтап, сөйледі. 
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің түсіндіруінше, «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауға бағытталған. Осыған сәйкес, «Мемлекеттік органдардың қолында бар 544 бақылау функциясының мемлекет және тұтынушы қауіпсіздігіне қатер төндіру тәуекелдерімен байланысты емес 137-сі алып тасталады».
Дегенмен олардың кейбірінің, мәсе­лен, азаматтардың қауіпсіздігімен байла­ныс­ты қызметтерді бақылауға қатысты функциялардың жойылуының орындылы­ғына депутаттар күмән келтірді. Парла­мент­ші­­лердің пайымдауынша, бұл жерде заң жобасын әзірлеушілердің Doing Bussines секілді әртүрлі рейтингтердегі Қазақ­станның орнын жақсарта түсу үшін биз­нес­ті қайта реттеуге бағытталған бұл ұсы­нысы жөнсіз әрі өзін-өзі ақтамайды.
– Бүгінде бақылау функцияларын арттыру тәжірибесіне кері қайту туралы мәселе қойылып отырған жоқ. Бірақ қазір қолданыста бар әрі азаматтарымыздың тіршілігін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет функцияларды қысқарту жайы тағы да мұқият талданғаны жөн. Өйткені егер мемлекет пен азамат­тары­мыздың қауіпсіздігіне нұқсан келсе, қандай да бір рейтингтердегі ешқандай орындар қажет болмай қалады, – деп нықтады Нұрлан Нығматулин.
Бірінші кезекте, бұл алаңдаушылық энергетика, мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, су шаруашылығы салаларының объекті­ле­ріне қатысты болып отыр.
– Осы заң жобасы арқылы қолданыс­тағы Су кодексіне енгізу ұсынылатын, суды есепке алу және су объектілеріне мо­нито­ринг жүргізуді алып тастауды қарас­тыратын түзету, шынын айтқанда, көптеген сұрақтар тудырады. Егер түзету осы қа­лыпта қабылданатын болса, онда тұтас проб­лемалар тізбегі туындауы мүм­кін. Мысалы, Қазгидромет суды пай­да­лану ту­ралы толық ақпарат ала алмайды. Тиісін­ше, төтенше жағдайдың болжамы да дәл әрі нақты болмайды, – деді Мәжіліс төрағасы.
Нұрлан Зайроллаұлының пікірінше, пайдаланылған суды лайықты есепке алудың болмауы сонымен қатар мемлекет­тік бағдарламаларда көзделген жайылым­дар­ды суландыру, азаматтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруды да қиындатады. Бұл ретте палата басшысы жобадағы даулы норма­лар­дың орындылығын екінші оқылымға дейін зерделеу керектігіне назар аудартты. Сонымен бірге, Нұрлан Нығматулин жа­уап­ты министрлікке сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғын үйлерге қатысты сақ болу керектігін ескертті.
Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған түзетулерге қатысты ой түйген спикер Мем­лекет басшысының кәсіпкерлік үшін нарықтық жағдайларды қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің жауапкершілігін арт­тыру мәселелері бойынша тапсыр­ма­ларын орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Заң жобасы ертеден қалыптасқан «анық­тау және жазалау» саясатының орнына «құқықбұзушылықтың профилак­ти­касы мен алдын алу» саясатына көше отырып, тексерушілердің түйсігі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгерту мақса­тын­да профилактикалық бақылауды енгізуді қарастырады. Жұмыс тобы отырыстарында қарау барысында жобаға депутаттардан 900-ге жуық түзету келіп түскен. Заң жоба­сы қолданыстағы 13 кодекс пен 100 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізбек.
Сондай-ақ бүгінгі отырыста депутаттар Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы «1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады. Келісім про­фес­сорларды, оқытушылар мен ғылыми қыз­меткерлерді 24 айға салық салудан боса­та­тын жаңа баппен толық­тырыл­ды. Сондай-ақ бірқатар терминдерге өзгерістер енгізілді.
Бүгінгі жалпы отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығмалулиннің ұсыны­сы­мен депутат М.Ерман Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­те­ті­нің төрағасы болып сайланды. Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отанның» партиялық тізім бойынша Дархан Мыңбай Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Дархан Қамза­бек­ұлы бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі қызметін атқарған. Палата оны Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі ретінде сайлады. Отырыс соңында Т.Сыздықов депутаттық сауал жолдады.
16 ақпан 2018 ж. 1 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031