» » ЖАҢА ЗАҢ АРХИВТЕРГЕ АРНАЛАДЫ

ЖАҢА ЗАҢ АРХИВТЕРГЕ АРНАЛАДЫ

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында қалау­лылар қолданыстағы заңнамаға мұрағаттарға қатысты түзетулер енгізетін жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат мем­лекеттік архивтерге ақылы негізде қызметтер көрсету және алынған табысты мекеме есепшотына аудару құқығын береді. Жалпы, заң жобасы архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
«Кейбір заңнамалық актілерге архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» осы заң жобасы сон­дай-ақ лауазымдық деңгейде тиісті комиссия құрамын қалыптастыру мақса­тында «Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбіт­шілік және прогресс сыйлығы туралы» қол­­даныстағы заңға өзгерістер енгізуді қарас­тыратын жаңа тармақпен толықты­рылды.
Тұтастай алғанда, жаңа түзетулер мем­лекеттік архивтер көрсететін қызметтер тізімін нақтылайды, банкроттық басқару­шылардың архивтік құжаттарды ретке кел­тіруді ұйымдастыру жөніндегі міндет­темелерін бекітеді.
Сонымен бірге, ұлттық архив қорын толықтыру көздерінің тізімін кеңейтеді. Архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті органның (Мәдениет және спорт министрлігінің) электрондық құжат айна­лымы және электрондық архив мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ал жергілікті атқарушы орган­дардың – басқаруды құжаттамалық қамта­масыз ету, оның ішінде электрондық құжат айналымы және электрондық архив мәсе­лелері бойынша мемлекеттік бақылауды және ұйымдастыру-әдістемелік басқаруды жүзеге асыру құзыретін бекітеді. Бұл үшін осы жобамен «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.
Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғалар­дың сұрауларын орындауды ретке келтіру және бақылау, сонымен қатар анонимді өтініштер санын қысқарту мақсатында оларда жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН), заңды тұлғалардың – бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (БСН) міндетті түрде көрсетілуін енгізіледі.
Отырыста елімізде вьетнамдық қылмыс­керлерді құрықтап, еліне тапсыруды көздейтін «Қазақстан мен Вьетнам елдері арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы да депуттаттар тарапынан қолдауға ие болды. Заң жобасының негізгі мақсаты – уағдаласу­шы мемлекеттердің ұстап беруіне жататын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында өз аумағында жүрген кез келген адамды беру саласында ын­тымақтастықты жүзеге асыру. Құжат қо­лын қылмыспен былғаған қазақс­тан­дық­тар­дың Вьетнамда жасырынуына да жол бермейді.
Мәжіліс депутаттары осы отырыста бір­қатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап алды. Оның арасында «Қазақстан­ның Қауіпсіздік кеңесі туралы» заңының жобасы және оған ілеспе түзетулер бар.
Жалпы отырыс соңында қалаулылар Б.Дүйсенбинов, Г.Баймаханова, Ж.Ахметбеков, Ш.Хахазов, В.Косарев, Қ.Ержан, Ш.Нурумов, А.Перуашев және басқалары депутаттық сауалдар жолдады. Атап айтқанда, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қ.Сұлтанов Премьер Б.Сағынтаевқа қайырылып, «Қазақфильм» киностудиясын жекешелендіру тізімінен шығару мүм­кін­дігін қарастыруын сұрады.
– «Қазақфильм» киностудиясын алатын адам – кино өндірі­сімен шұғылданбайтыны бесенеден белгілі. Өйткені ол таяу жылдарда ком­мерциялық пайда бере алмайды. Сірә, оның тұрған жері мен ғимараттары қызық­ты­­рып тұрса керек, – деп тұспалдады депутат.
Нұротандық депутат С.Сәпиев Мәдениет және спорт министрі А.Мұхаме­диұлына жүгініп, спорттық резервті үздіксіз даярлауды қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатты бітірген, аз қамтылған отбасыдан шыққан түлектердің ЖОО-ларда оқуын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ.
«Нұр Отан» атынан сайланған депутат А.Жамалов Үкімет басшысына депсауал жолдап, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына бюджеттен 20 миллиард теңге шығындал­ғанын, бірақ небәрі 22 миллиард теңге ғана жеке инвестиция тартылғанын хабарлады. Салыстыру үшін айтсақ, осыған ұқсас Беларустың «Жоғарғы технологиялар паркі» (ПВТ) қазірдің өзінде ақпараттық техно­ло­гиялардың және бағдарламалық өнімдердің жаһандық экспорттаушысына айналған. Тек 2017 жылы ғана ПВТ шетелге 1 миллиард доллардың өнімін өткізіп, 100 миллион доллардан астам тікелей шетелдік инвес­тициялар тарта алды. Депутаттар қазақстан­дық парктің оның «қолына да су құя алмай» отырғанына қынжылады.
 
Айхан ШӘРІП
26 қаңтар 2018 ж. 1 009 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031