» » » Адвокат – әділдіктің шамшырағы

Адвокат – әділдіктің шамшырағы

Адвокаттық қызметтің қыр-сырын білмейтін жұртшылық аталған сала мамандарын тек сот залында ғана кезіктіріп жатады. Олар немен айналысады? Елге қандай құқықтық кеңес береді? Осы сынды сауалдар көпшілік көкейінде жүретіні заңдылық. Орайы келіп, аудандық заң кеңсесінің меңгерушісі Гүлайым Қадырбаевамен сұқбаттасқан едік. Назарларыңызға ұсынамыз.
Гүлайым ҚАДЫРБАЕВА,
ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі, аудандық заң кеңсесінің меңгерушісі, адвокат:
– Гүлайым Тоқтамұратқызы, саланың ыстық-суығына шыдас беріп жүрген білікті мамансыз. Жалпы, адвокаттық қызмет барысында жазықсызды да, кінәліні де қорғап жатасыздар. «Мен қорғай алмаймын» деп істен бас тартқан кезіңіз болды ма?– Кейде қылмыскерді де, расымен жазықсыз жанды да қорғаймыз. Мұндай сауалдың туындауы заңдылық. Білесіз бе, ҚР адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы (5 шілде, 2018 жыл, №176) заңда көзделгендей, біз қылмыс жасасын, жасамасын, алдымызға келген жанға көмек қолын созуға міндеттіміз. Өйткені, заң – бәріне ортақ. Алдымызда таңдау тұрмайды. Сол себепті бұл ретте ешбір уәж жүрмейді. Қанша ерітсең де, өзгермейтін ереже.
– Демек, кез келген азамат басына іс түскенде сіздердің көмектеріңізге жүгіне алады. Ал мемлекет тарапынан адвокатты кім қолдануға құқылы?
– Адвокаттардың ойында жүрген сауалды дөп бастыңыз. Басқа әріптестерім тәрізді мені де осы сауал ойландырады. Адвокат жалдауға материалдық жағдайы жете тұра мемлекет тарапынан адвокат пайдаланатындар көбейді. Бар мәселені мемлекеттің мойнына қамыт қып іліп қойған да жөн емес тәрізді. Қайсыбіріне болсын, жағдайы жетсе өз күшімен жүгінген жақсы. Сол үшін алдымен қорғау алушының жағдайы жан-жақты зерделенсе екен. Әйтпесе, шынайы мұқтаждар мен жағдайы келсе де жүгінетіндердің ара жігі жер мен көктей ғой.
– Жағдай жетсе-жетпесе деген бүгінгі қоғамның өзекті тақырыбы секілді. Заң көмегіне жүгінуге мүмкіндігі болмай жататын жандар кездеседі. Материалдық жағдайы «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің» күйіне түсіп, пұшайман күйде қалған ағайындарға сіздерден қандай көмек болады?
– Жұмыс барысында тегін заң көмегін беретін мемлекеттік кепілдендіруге енетін бірнеше категория бар. Біз олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Атап айтқанда, ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдайларда жүрген азаматтарға, атаулы әлеуметтік құқығы бар адамдарға, ҰОС қатысушылары мен оған теңестірілгендерге, І және ІІ топ мүгедектеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге, қиын әлеуметтік қаржылық жағдайда жүрген өзге адамдарға көрсетіледі. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік даулар бойынша көрсетілмейді. Осыны есте ұстаған абзал. Бұл қарапайым халыққа зор мүмкіндік. Өйткені, не мәселені қалай шешерін, қайда барарын білмейтін былайғы жұртқа бағыт-бағдар беріп отырсақ, біздің де елге пайдамыз тиіп жатса, оған өзіміз де қуаныштымыз.
– Жұртшылық сіздерге көп жағдайда не мәселемен иек артады? Дәлірек айтқанда, олардың негізгі мәселесі неде?
– Бізге әр түрлі мәселемен келеді. Мәселен, осы мезгілде еңбек өтілдерін анықтау (жәрдемақыға, зейнетақыға қосылмай қалғандар) мәселесі қызып тұр. Енді-енді саябырсуда. Онан соң әрекетке қабілетсіз деп тану, үй дауы, жер дауы, неке бұзу,қайтыс болуды анықтау, туыстық қатынасты анықтау – тегін өзгерту (кәмелет жасқа толғаннан кейін) – бұл ең қиыны. Сондай-ақ, әкелікті анықтау мәселесі бойынша келіп жатыр. Жаныңды ауыртатыны – соңғы уақытта неке бұзуға келетіндер саны артуда.
– Заң кеңселері де жеткілікті. Онан соң адвокаттар халықпен тығыз жұмыс істеген соң, ұялы байланыс нөміріңізге дейін жұртшылықтың қойын дәптерінде тұр. Бұл өз құқын білуге талпыныс па, жоқ әлде құқы тапталғандардың көптігі ме?
– Қазір көп адам өз құқын өзі қорғауға қауқарлы. Неге дейсіз бе?! Осыдан он жыл бұрынғы жағдаймен қазіргі күнді салыстыруға келмейді. Елдің көзі ашық, кейде алдымызға келген адам заң баптарын өздері айтып беріп тұрады. Алғашында таңырқай қарайтынбыз, қазір үйренісіп қалдық. Олай болатын да жөні бар. Өйткені, біз зайырлы мемлекетпіз. Азаматтық қоғам қалыптастырудағы еңбектің жемісі бұл.
– Сот процесіндегі қандай істерде қиналасыз?
– Жұмыста – маманмын, шаңырақта оттың анасымын, анамын. Сондықтан мен үшін ең қиын сот процесі – жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстық істер. Ана болған соң айыпталушы болып жауап беріп тұрған өрімдей жасты көргенде жүрегім жылайды. Мен сондай процестерге шыдай алмаймын. Шіркін-ай, ертең қандай азамат болар еді деп оның болашағына шабылған балтаға қараймын. Қанша тағдыр солай арнасынан ауытқып кетіп жатыр. Қиын...
– Әңгімеңізге рақмет. Еңбегіңіз жемісті болғай.
Сұқбаттасқан:
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
24 шілде 2018 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031