» » ЖЕМ-ШӨПТІ ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ЖЕМ-ШӨПТІ ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазіргі уақытта шөп жинау мен азығын әзірлеу бойынша ауылшаруашылық жұмыстарының нағыз қызған кезі. Шөп жинау және күрделі жем-шөп дайындау бойынша жұмыстар ауылшаруашылығында қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, көп санды ауылшаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпті жағдайды тудыруда. Малға жем-шөп жинау үшін, тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өртеніп, жойылып кетуі өзекті өртейтін қайғы әкелетіні рас.
Өрт жем жинайтын арнайы техникалар, тракторлар, автокөліктер және өзі жүретін шассилерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және тағы басқа жеңіл тұтанушы және жанғыш сұйықтықтар маңызды қауіп төндіреді. Дала және жем-шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесінде, ауыл агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі.
Өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз.
Тұрғын үйдің мекен учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
Қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына, электр жеткізу желілерінің астына, учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта, көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
Ірі жем-шөптерді тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады. Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон номері арқылы хабарлаңыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
25 қыркүйек 2025 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 488
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930