Құрылтай
» » Мал азығын өрттен сақтайық!

Мал азығын өрттен сақтайық!



Мал азығын дайындау кезінде отқа ерекше сақтықпен қараған жөн. Өшірілмеген алау ұшқыны, тұталған сіріңке шиі немесе темекі тұқылы құрғақ әрі ыстық ауа ра­йында түзетілмес қайғыға душар етуі мүмкін. Азықтық жемдерді жинайтын техникаларға, тракторлар, автокөліктерге керекті жанар-жағармайды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздік ережесін бұзғанда өрт шығады. Шаруашылықтарда ауыл шаруашылық агрегаттардың ұшқын басқыштарының ақауынан, агрегат бөлшектерінде май сіңген сабындардың үйкелісінен, от тұт­атқыштан шыққан ұшқын өрт шығуына себепші. Шөптерді жинау кезінде әр маяның арақашықтығы 15 метр, ені 4 метір жолақ жүргізілуі қажет, маяның шөп жинау алаңы 150 м/куб болуы керек. Даладағы өрт, әсіресе желді күні айналаға кең көлемде тез тарап, өз жолындағының бәрін құртады. Өрт шықан кезде ойланбай әрекет етпеңіздер. Мал азығына да астыққа жасалғандай қамқорлық көрсетіңіз. Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарласыңыз.

Д. БАЙРАХМЕТОВ
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты
24 шілде 2021 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 072

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31