» » Егінді өрттен қорғайық!

Егінді өрттен қорғайық!

Күз мезгілі қамбаны егінге толтыратын кезең. Егістік алқаптарында күздің алғашқы айында қызу жұмыс басталады. Таң ертеңімен жұмысқа аттанатын шаруалар дән орады. Сол жиылған өнімнің барлығы ұзақ мерзімге азық болмақ. Ал жаз бойы тынымсыз еңбектің арқасында өсірген өнімді өрттен қорғау керек.


Өртті болдырмау, оның алдын алу қай уақытта да маңызды. Міне, осы себептен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары шаруашылықта қызмет ететіндерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ө.Сақтабаев пен бөлім инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Серікбай егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережлерін түсіндірді.
Мәселен, дақылдарды жинау жұмыстары егін алқаптарын ауданы 50 гектардан аспайтын учаскелерге бөлуден басталуы тиіс. Учаскелер арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалуы керек. Одан бөлек, жалғы жолындағы шабылған егін дереу жиналуы қажет және шалғы жолының ортасына ені кемінде 4 метр болатын жырту жұмыстары жасалады. Ал егістікте орылған егіннің қалдықтарын жағуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ егін жинау басталмас бұрын техникалар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс.


Түсіндірме жұмыстары барысында қауіпсіздік қызметкерлері шаруашылық еңбеккерлеріне арнайы үнпарақ таратылып, күзгі науқандағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аслан НҰРАЗҒАЛИЕВ
10 қыркүйек 2020 ж. 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 355
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930