Мал азығын жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Малдары бар ауыл адамдары және шаруа қожалықтары алдағы қыс мезгіліне шөп дайындауда. Шөпті жерлер – өртке қауіпті болып келеді. Шабындықтарда және сақтау орындарындағы өрттердің негізгі себептері далалық жерлерде отпен абайсыз қолдану немесе ауылшаруашылық техниканың өртке қарсы күйі бойынша талаптарын бұзылуы болып саналады.
Шөпті жинау кезінде өрттерді болдырмау мақсатында Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша шаруашылық қожалықтарының басшыларымен, ауыл тұрғындарымен жиындар, нұсқаулар өткізуде.
Қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтау керектігі туралы ТЖ қызметкерлері ескертеді:
- шөп жинағанға дейін әрбір қожалық басшысында болатын, арнайы журналға қол қою арқылы өртке қарсы нұсқаулықтан өту керек;
- жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі керек;
- барлық ауылшаруашылық техника жөнделген ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған болуы керек;
- далалық жағдайларда ашық отты қолдану немесе дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге болмайды;
- шөп жиналған жерде өрт бола қалған жағдайда су қорымен қамтамасыз етілуі керек;
- шөп маяларымен қопарылған тұстың ара қашықтығы 4 метрден кем болуы керек, нысандардан және құрылыстардан 50 метрден кем емес, 20 метр автокөлік жолдарынан және тоқ жүйесінен 15 метр қашықтықта болуы шарт.
Маялардың арасы 20 метрден кем болмауы тиіс, маялардың ауданы 150 шаршы метрден аспау керек.
Құрметті азаматтар, өртті байқаған жағдайда, жедел түрде «101» немесе «112» телефондары бойынша хабарлауларыңыз қажет.
Д. Байрахметов,
ауданық төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
ауданық төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты