Медициналық қалдықтар дегеніміз не?
А- класы комуналдық тұрмыстық қалдықтар
Б-класы эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар
В-класы төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар
Г-класы токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар(пайдалануға жатпайтын дәрілік заттар)
Д-класы радиоактивті медициналық қалдықтар
Медициналық қалдықтарды жою маңызды мәселелердің бірі.
Медициналық қалдықтардың жою альгоритмі
1.Медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдау әрбір ауысымнан кейін санитар жүргізеді.
2.Жинаудан бұрын медбике қалпақ,маска,қолғап киеді.
3. А кл.мед қалдықтары қара түсті полтэтилен пакеттерге жиналады және ұйым аумағындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған арнайы үй жайына шығарылады.
4. Б класының бір реттік медициналық бұйымдарын, шанышатын/кесетін (шприцтер, инелер, көктамыр ішіне құюға арналған системалар, катетрьлар) жинау бір рет тесілмейтін сары түсті контейнерлерге жиналады. Қалдықтарға тағайындалған жауапты тұлға-салмағын,бөлімшесін, мед.қалдықтарды жинау күнін, жауапты тұлғаның Т.А.Ә. жазып, қолын қояды. Уақытша сақтау бөлмесіне шығарылады.
5. Б.класының мед.қалдықтарын жұмсақ бір реттік бұйымдарын (қолғаптар, майлықтар, маскалар, халаттар, қалпақтар, баскиімдер, алжапқыштар, бахилалары, таңу материалдары, бинттер, мақталар, тампондар, турундер, шариктер, сары түсті полиэтилен пакеттерге жинайды.
6. Б-кл. Мед.қалдықтары (қан және оның компонентері,сілекей, зәр, нәжіс, вакциналар, жұмыс орнында экспозицияны сақтай отырып дезинфекциялау құралдарымен дезинфекцияланады және кәрізге ағызып жойылады.
7. Медициналық қалдықтарды жинау және жою аяқталғаннан кейін санитар алжапқышты дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді, қалпағын, қолғабын шешіп, Б класына арналған контейнерге тастайды, қолдарын жақсылап жуады.
Медициналық қалдықтарды сақтау, жою, тасымалдау шараларын дұрыс орындамау салдарынан мыңдаған адамдарға қауіп төндіреді, сонымен қатар зиянын топырақ, су, ауа ластауы арқылы табиғатқа эпидемиологиялық қауіп төндіруде. Табиғатымызды ластамау мақсатында медициналық қалдықтарды сақтау шараларын қатаң сақтауға шақырамын!
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы