Дәнді дақылдарымызды өрт шалмасын!

-астық жинау кезеңі басталмас бұрын, оған тартылған тұлғалардың арасында өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдері алғашқы өрт сөніру құралдарымен, дұрыс ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау және қоректендіру, оталдыру, майлау жүйесін реттеу қажет;
-масақты егін пісер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және теміржолдарға іргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақ шабу және жыртылуы қажет;
-уақытша орнатылған дала қостары егін алқабынан 100 метр қашықтықта болуы тиіс, жан-жағының жері жыртылып тасталу қажет
-қырман ауласы ғимараттардан 50 метр, егін алқаптарынан 100 метр қашықтықта орналасуы қажет;
-түнгі мезгілде ашық егіс алқаптарында теникаларға жанар-жағар май құюға, егіс алқабының қасында ашық от көзін пайдалануға қатаң тиым салынады;
Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефонына хабарласыңыздар!
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі
жағдайлар бөлімі