» » ИМАН КІЛТІ – ЖҮРЕКТЕ

ИМАН КІЛТІ – ЖҮРЕКТЕ

Ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрететін бір ілім болса, ол – Ислам діні. Ақиқат дінімен ата-бабаларымыз сан ғасыр өмір сүріп, ұрпағына мирас етті. Әлсізге тіреу болып, құлағанды демеді. Сүрінгенге сая болды. Қамқорлық пен мейірімділік тізгінін қатар ұстап, болашақты тек қана жақсылықтан іздеді.
Сонау көз көрмес заманда адамзат баласы адасып, қараңғылықтың көрпесін жамылғанда күллі әлемге нұрын шашып, Құран кәрім кітабы түсті. Ол жер бетіне Жаратушының қалауымен адамзаттың абзалы, ардақтысы, иісі мұсылманның алтын тәжі болған – Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы жиырма үш жыл бойы түсіп отырды. Бірде-бір әрпі өзгермеген қасиетті кітапты күні бүгінге дейін әрбір мұсылман кие тұтып, төріне іледі. Сондай-ақ ол әлемдегі ең бірінші оқылымды кітап болып табылады.
Ислам – бейбітшілік пен тыныштықтың, бақ пен берекенің, мейірім мен қайырымдылықтың діні. Ол – пенде баласын тазалыққа, адалдыққа, жақсылыққа жетелейді. Дінді тану үшін алдымен жер жүзіне жарық сәулесін түсіріп, барша мұсылманды имандылыққа баураған Пайғамбарымыздың өмір жолы жайлы білу – үлкен ғибратты іс.
Осы мақсатта елімізде Пайғамбарымыздың туған күніне орай Мәуліт мерекесі атап өтіле бастады. Оның ішінде біздің аудан тұрғындары да белсенді атсалысып, бірнеше жыл жүзінде айтулы күнді атап келеді.
Соның бір дәлелі – К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде сенбі күні Жосалы кентінің 1977 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен адамзаттың асылы, ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбарымыздың дүниеге келген күніне арналған Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Оған аудан тұрғындары, ардагерлер мен дін өкілдері, жастар қатысты.
Рухани кеште аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, оның мән-маңызын кеңінен әңгіме етті.
– Ауданымызда жақсы қалыптасқан дәстүр бар. Ол 10 жылдан аса уақыттан бері Жосалы кентінің азаматтары қайырымдылық шараларын жасап, мұқтаж жандарды баспаналы ету, азық-түлікпен жәрдемдесу, емдеріне қаржылай көмек беру секілді қайырлы істер жүргізуде. Осы үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, эстафета 1977 жылы туған азаматтарға түсіп отыр екен. Көптен-көп алғысымызды білдіреміз.
Жалпы жақсы мен жақсылықты насихаттау – қоғамға өзгеріс енгізетін құнды дүние. Өнегелі істерді паш ету – келер ұрпақ үшін де пайдалы болмақ. Осы ретте адамзат тарихында ең ұлы тұлға Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед дүниеге келген мәуліт айында оған салауаттар айтып, мерекені атап өту ауданымызда дәстүрге айналған іс-шараның бірі. Әрине, Алла елшісінің барша қадір-қасиетін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Адамзаттың ең ізгісі, ең сарасы, үмбетінің тілеуін тілеген қамқоры десек те, жер мен көктің әзизі десек те оның қасиеттері таусылмақ емес. Себебі Пайғамбарымыздың өмір сүрген кезеңі айдай әлемге теңдессіз үлгі-өнеге әкелді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мәулітте республикалық Құран жарысының бас жүлдегері, «Ақмешіт» орталық мешітінің найб-имамы Шыңғыс қари Сәдуов Расулаллаға салауат айтып, Құран оқыса, Сыр өңірінің бас имамы Дастан қажы Жанасұлы бата берді. Сонымен қатар екі дүниенің сардары, Жаратушының сүйікті пайғамбары жайында уағыз айтты.
Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары, Алланың сүйікті елшісі – Мұхаммед пайғамбар екені сөзсіз. Ол өзіне дейін жіберілген бүкіл пайғамбарлардың ізгі қасиеттері мен сара жолын жалғастырушы, толықтырушы және тәмамдаушы ретінде келді. Ол келмес бұрын дүниенің халі ауыр да мүшкіл еді, адамзат өмірі қара түнекте болатын. Оның нұры күллі ғаламға жарық сәулесін шашты. Перделеген қараңғылық түріліп, саналарды жаулаған бұлдыр тұман сейілді. Қоғам иман кәусарының маңызы мен мәнін ұға бастады. Небәрі жиырма үш жылда екі дүниеде де өшпес мәңгілік мұра қалдырды. Арада он төрт ғасыр өтсе де бір жарым миллиардтан астам үмбетінің қатары күннен-күнге көбейе түскені – осының дәлелі. Оның үмбеті күн сайын есімін атап, оған салауат айтумен шектелмей, өмір жолы мен мінез-құлқын, мол ғибратын өнеге етуде.
Жиында сөз алған Қармақшы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Қаршыға Есдәулетов көпшілікке ақ тілегін арнады.
Іс-шара мектеп оқушыларының «Пайғамбар бейнесі» атты көрініспен өрнектелсе, одан әрі 1977 жылғы азаматтардың марқұм болған құрдастарының суреттері бейнеленген слайд көрсетілді.
Мереке қорытындысында 1977 жылғы түлектер өздерінен кейінгі өкшелес інілері – 1978 жылы туған азаматтарға аманат хаты мен кілтін тапсырып, халыққа жыл көлемінде өздерінің атқарған қайырымдылық жұмыстарына есеп берді.
– 1977 жылғы азаматтар өздеріне тапсырылған аманатты абыроймен атқарып шықты деген ойдамыз. Аудан аумағында 4 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасының үйіне табиғи газ желісін кіргізіп берсек, бір үйдің іргетасын құюға атсалыстық. «Қармақшы ата» мешітінде жылқы малы сойылып, 12 жілік ет пен азықтүлік себеті үлестіріліп, игі іске мұрындық болдық. Бұдан өзге, қаржылай көмектер де берілді. Тағы бір мұқтаж отбасына газ кіргізіп беру мен бейіт маңын қоршауды жоспарлап отырмыз.
Ізгі амалдардың, бірлік пен берекенің бастауы болған Мәуліт мерекесі елімізге өзінің шарапатын түсіре берсін, – деді ұйымдастырушылар атынан сахна төріне көтерілген Марат Бекенов пен Ербол Омаров.
Кеш соңында «Ғибрат» ас үйінде арнайы ас беріліп, 1977 жылғы өмірден өткен түлектердің рухына Құран бағышталды.
Мәуліт мерекесі Алла елшісін жақсырақ танып, өсиеттерін тереңнен түсінуге, адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылық пен бауырмалдықтың арта түсуімен ерекше. Адам баласы адамзаттың абзалын түпкілікті түсініп, оған ілескенде ғана адамдықтың биік шыңына шыға алмақ.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
23 қыркүйек 2025 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 647
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031