» » ИСЛАМ ТӘРБИЕСІ – ТАЗАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

ИСЛАМ ТӘРБИЕСІ – ТАЗАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі – жастардың зиянды әрекеттерге, соның ішінде есірткіге, ішімдікке, темекіге және әлеуметтік желідегі теріс бағыттарға бой алдыруы. Бұл – тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың болашағына қауіп төндіретін жағдай. Алайда дініміз Ислам осының бәріне қарсы тұратын рухани қалқан ұсынады.
Жалпы ислам – тәрбие мен тазалықтың діні. Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз хадистерінде адам баласының өмірі, денсаулығы және ақыл-ойының амандығы – Жаратқанның үлкен нығметі екені айтылған. Ал бұл нығметтерді сақтау – әр мұсылманның міндеті.
Пайғамбарымыз «Зиян келтіруге де, зиянмен қайтаруға да болмайды» деп ескерткен. Демек, өз денсаулығына әдейі зиян келтіру – харам іс. Темекі тарту, ішімдік ішу немесе есірткі қолдану – мұның бәрі денсаулыққа ғана емес, адамның рухани дүниесіне де орасан зиян келтіреді.
Ал жастық шақ – адамның ең белсенді, ең құнды уақыты. Осы уақытты бос әурешілікке, уақытша ләззатқа құрбан ету – үлкен қателік. Құдайды еске алып, пайдалы білім алу, спортпен айналысу, отбасына, қоғамға пайдалы болу – нағыз мұсылман жасының жолы.
Зиянды нәрселерден қалай сақтануға болады дегенге келсек, ең бірінші, иманды күшейту қажет. Жүректе Құдайға қорқынышы болған адам зиянды істерден аулақ жүреді. Екінші, құнды орта – досың кім болса, сен де соған ұқсайсың. Жақсы достар жаман әдеттен қорғайды. Үшінші, білім мен тәрбие – дінімізді, өмірдің мәнін танысақ, бос нәрсеге әуестенбей, өзімізді дамытамыз. Төртінші, ата-ана мен ұстаздың кеңесі – үлкендердің ақылын тыңдап, бағыт алған жөн. Бесінші, уақытты дұрыс пайдалану – бос отырған адам зиянды істерге тез ұрынады. Сол үшін пайдалы іспен айналысу керек.
Қорыта айтқанда, жастар – ұлттың үміті. Ал үмітіміздің сөнбеуі үшін әрбір жас өз өміріне жауапкершілікпен қарап, діннің ақ жолын ұстануы керек. Ислам – тәртіп пен тазалықтың, парасат пен пайымның жолы. Осы жолмен жүрсек, тек зияннан емес, бүкіл жамандықтан қорғана аламыз.
Айбол ИСЛАМҰЛЫ,
«Ораз Мұхаммед» мешітінің имамы
30 мамыр 2025 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 832

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031