» » Өміріңе қауіп төндірме, есірткіден аулақ бол!

Өміріңе қауіп төндірме, есірткіден аулақ бол!

Есірткі – бұл қоғамымызға қауіп төндіретін ең күрделі мәселелердің бірі. Ол тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, отбасына, айналасына, тіпті елдің болашағына үлкен зиян келтіреді. Есірткіге тәуелділік – өмірдің бақытсыздыққа ұрындырушы жолы.
Есірткіден бас тарту – өзіңнің денсаулығыңды сақтап, армандарыңды жүзеге асыру үшін маңызды қадам. Әрқайсысымыз өз өміріміздің иесіміз. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып, денсаулығымызды нығайтуға тырысайық.
Біз, жастар – еліміздің болашағымыз. Күшіміз бен жігерімізді пайдалы, дұрыс бағытта жұмсайық. Спортпен айналысып, білімге ұмтылып, тек жақсы әдеттерді қалыптастырайық.
Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі. Қоғамды зиянды әдеттерден қорғау – әрбір азаматтың саналы түрде таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес  далаға» деген сөзіндей, өмірлік жолдарыңызда дұрыс қадам жасап, тәртіпке бағынған кезде ғана болашақтарыңыз жарқын болады.
Есірткіден алыс болу – өмірімізді сақтап, қоғамды қауіпсіз етуге қосқан үлесіміз. Бірге болашақ үшін есірткісіз қоғам құрайық!
Жақсылық Жанерке Жомартқызы,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының
9-сынып оқушысы
17 қаңтар 2025 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 352
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728