» » "Мен өмірді қалаймын"

"Мен өмірді қалаймын"

Есірткі емес, өмірге ынтықпын мен,
Шаттықты тілеймін әр сәт, әр күннен.
Жанымда жарық бар, жүрегімде үміт,
Өмірдің дәмін татам, қанатым кең.

Жанымда достарым, жақындарым бар,
Олармен бөлісем арманым мен сырлар.
Уақыт тым қысқа, бақытты көр,
Есірткіге ерме, таңдауын жырлар.

Есірткі - алдамшы, соңы қараңғы,
Бақыттың жолы емес, тартса да тартымды.
Өмірді таңда да, алға ұмтыл сен,
Арманыңа жет, жүректе шам жанып тұр.

Өмірді сүйемін, айтамын анық,
Болашақ жарық, арманым ғарыштық.
Саулығың бағалы, таңда дұрыс жол,
Есірткіден сақтан, арманыңды қор.
Қыдырбек Жәния,
№79 негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы
07 қараша 2024 ж. 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930