Құрылтай
» » «Мен өмірді қалаймын!»

«Мен өмірді қалаймын!»

Мен өмірді қалаймын - таза, ашық,
Өмір жолы болсыншы нұр мен жарық.
Есірткіге ермеймін, қадам басып,
Шын бақытқа жетемін күшім салып.

Жалған қызық, алдамшы қысқа сәттер,
Қиялымды көкке ұшар үзіп кетер.
Есірткісіз өмірдің мәні терең,
Жарқын болсын әрбір таң, келер-кетер.

Мен өмірді қалаймын - жасар арман,
Еркіндікпен шаттанам кең даламда.
Есірткісіз жолымды нықтап таңдап,
Болашақты құрамын, өз қолымда!

Мен  өмірді  қалаймын, таза, ашық,
Жалған  бақыт  жақын  емес маған  асық.
Есірткісіз өмірдің  мәні терең,
Өз  жүрегім  болашаққа үміт ашып.

Қосылайық, барлығымыз бірге тұрып,
Таза ғұмыр сүрейік биікке ұмтылып.
Мен өмірді қалаймын! Ұран етіп,
Сенде қосыл, еркіндік жолын күтіп.
     Шәкіман Нұргүл Ғалымжанқызы
Қармақшы ауданы
О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі
06 қараша 2024 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31