» » Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып"

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып"


qarmaqshy-tany.kz 
Өмір бізге берілген үлкен сый,сол сыйды пайдалы әрі қадірін біліп,жақсы қылып өткізу өзіміздің қолымызда.Бұл өмірде әр адамның арманы болады.Дегенмен, әркімнің арманы – әртүрлі екенін түсіндім. Көптеген басылымдарда, ғаламторда, теледидарда - "есірткі" мәселесі жайлы ақпараттармен танысып, оның қаншалықты ауыр екендігін білдім. Бұл тақырыптағы бейнероликтерде: қорқынышты ауруға душар болғандардың, жан түршігерлік көріністері және ондай жағдайға есірткінің кесірінен өзін өзі жеткізгендігіне куә болдым. Нашақорларға – анасы да, достары да, оқуы да қажет емес екен. Олардың бүкіл әлемі - есірткі.

Біздің адамзат жер бетінде "нашақорлық" деп аталатын зұлымдық болған уақытта өмір сұруде. Бұл адам ағзасының ауыр психикалық және физикалық бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі қолдануға құмарлық. Алайда көпшілікті "қорқыныш" сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне «балта шабады».

Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.

Мен де қаншама адамның көз жасына айналған бұл көкнәрға қатысты тұлғалардың жазасы қатаң болуы керек деп ойлаймын. Бұл тұрғыда біздің құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегі орасан зор.

Мен әр адамның өз өміріне деген құштарлығын арттыруды қалаймын.Өмір деген қызық,біреуді құлатады,біреуді жылатады.Біреуге сыр айтады,біреуге сын айтады.Өмірді сүре білген адамға өмірді сүру өте қызық.Сол қолда бардың қадірің білмейтіндер,біле тұра өз өмірлерін құрдымға ұшыратады.Өмірге деген көзқарасы төмен адамдарға қолдау ерекше қажет деп ойлаймын.Сол кезде олардың миларынан есірткі өше бастайды деп сенемін.Оларға бізден үлкен қолдау қажет.Мен-өмірді қалаймын,олардың да өмірдің қалауына қол созайық. #антинаркотическийконкурс


Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің 7"А сынып оқушысы
Жұмабек Дастан.
02 қараша 2022 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 511

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031