» » Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына «Есірткісіз өмір ғажайып!»

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына «Есірткісіз өмір ғажайып!»


qarmaqshy-tany.kz Есірткі - адам үшін ең қауіпті зат. Әр адамның болашағы мен өмірі өз қолында. Өмір – ағып жатқан бұлақ секілді. Біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүруіміз керек. Егер жаман жолға түссек өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп алуымыз мүмкін. Қазіргі кезде жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда дұрыс емес жолды таңдайды. Бұл - жастардың бойында тәрбие  негізі болмағанының белгісі. Бұл тәрбие негізі әр адамның  отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны. Есірткіге еліктеп, өз болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат қылық. Осы орайда данышпан, кемеңгер, ұлы Абай атамыздың «Атаның баласы болма адамның баласы бол»,- деген асыл сөзі еріксіз ойымызға түседі. «Адам деген - ардақты ат»,- деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жетіп, бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейіп барады.
Күннің шуағынан, сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал  қурап, суалған гүлдің келбеті қандай? Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге еліктеу асқынып кетсе оны ешбір дәрігерде, емшілер де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз - адамның өз өмірімен қоштасуы.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі бірігіп адамды бақытқа кенелтеді. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады. Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата-анасын, туған-туысқандарын, достарын жерге қаратады. Бір ойшыл дана «Денсаулықты сақтай білу де өнер»,- деген екен. Менің ойымша бұл өнерді ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Денсаулық адамда салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын есте сақтайық. Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Сол себептен мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!
                    
Байқоңыр қаласы
№275 орта мектеп
Күмісбекова Нұрхаят
Ғалымбекқызы
28 қазан 2022 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031