» » Есірткі затын сақтау – қылмыс

Есірткі затын сақтау – қылмыс


Есірткі – бұл адамның көңіл күйін, сана сезімін, мінезқұлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара хал ге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз əлеуметтік дерт [Белгілі зерттеушілер (В.Б.Альтшулер, А.В.Надеждин, Н.В.Веселовская, А.Н.Гаран ский, А.Данилин, И.Данилина, Н.Н. Ивано вец, Т.В.Килименко, А.А.Козлов, А.Е.Кова ленко жəне т.б.) қазіргі заманда есірткінің адам баласына келтіріп отырған ауыр зардаптарын жанжақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті мəселеге айналғанын дəлелдеп отыр.

Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін Ауғанстаннан Ресейге, одан кейін Еуропаға есірткі заттарын орасан зор мөлшерде контрабандалық жолмен тасымалдауға қолайлы екені жасырын емес. Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымға шығарып, жанталаса қимылдап жатқан халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтар заңсыз тасымалдау кезінде, еліміздің тұрғындарын «жол бойы» зақымдап улау салдарынан, республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр.

«Есірткі заттар, жүйкеге əсер ететін зат тар айналымын мемлекеттік реттеудің жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдала нылуына қарсы ісқимыл шаралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі ар наулы заңымен «Бақылауға жататын есірткілік заттар, жүйкеге əсер ететін құралдар жəне прекусорлар туралы» Қазақстан Республика сы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурызда (№186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы есірткі заттар туралы бірыңғай Конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сəйкес, 1971 жылғы психотроптық заттар тура лы Конвенцияға, БҰҰның есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін заттардың заңсыз ай налымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы Конвенцияға негізделіп қабылданған. Аталған заң есірткі заттардың жəне жүйкеге əсер ететін құралдардың, прекусорлардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы ісқимыл шараларын, сондайақ мемлекеттік саясатты құқықтық реттеуді, қоғамдық жəне мемлекеттік қауіпсіздікті, азаматтардың денсау лығы мен нашақорлыққа түсуі жағдайын реттейді.
Сондықтан да, есірткіге үйірлерді тоқтату үшін күнделікті жанұяда болсын, мектепте болсын өскелең ұрпаққа оның зиянын айта беру керек деп ойлаймын. Есірткінің салдарынан қаншама жанұя құрдымға кетіп, қаншама ұрпақ денсаулықтарынан айырылып, қаншама нәрестелер мүгедек болып тууда.

Қожабаев Самат,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы
29 маусым 2020 ж. 1 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031