» » Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы: қылмыстық- құқықтық аспект

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы: қылмыстық- құқықтық аспект

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруімен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Есірткі, психотроптық заттар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға шығаруға қатысты қылмыстардың тікелей обьектісі-халықтың денсаулығы болып табылады. Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар.
Есірткі заттар - адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. ҚР-сы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын және т.б. заттар жатады.
Психотроптық заттар – адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы көрсетілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. заттар жатады. Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекусорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз бір орнынан екінші орынға жеткізу үшін жасалған кез келген әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді. Мұндай әрекеттер жеке қылмыс болып табылады.
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекусорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы, жіберуді айтамыз. Есірткі заттар мөлшері ірі емес мөлшер, ірі мөлшерде және ас ірі мөлшерде болады. Психотроптық заттарда есірткі заттар сияқты ірі емес мөлшерге, ірі мөлшерге және аса ірі мөлшерде болады.
Есірткі, психоторптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсоралардың көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әртүрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кезкелген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасмалдау деп түсіну керек.Бұл әрекеттердің есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсоараларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адам да тасмалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасмалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсоралардың заңсыз иесі - өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасмалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау) заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзіретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жағының міндеті белгісі заңда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.
Есірткі бизнесіне қарсы әрекет етудің төмен тиімділігі ең алдымен, қатты әсер ететін өсімдікті және синтетикалық текті есірткілерді әкелуге құқық қорғау орындарының қарсы тосқауыл құра алмауынан көрінеді. Тап осыған байланысты оларды елге әкелудің барлық жаңа каналдары түсіндіріледі.
Есірткілер –бұл оларды қолданғанда ерекше психикалық жағдайды туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы есірткі заттары туралы бірегей конвенцияға сәйкес есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген.
Құрамы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік және синтетикалық есірткі заттары.
Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен қолдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі дәрмектер кең тараған.Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері: марихуана (каннабис), гашиш (анаша), кокаин (көкнар).
Қазақстан Республикасында соңғы уақытта бұрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымына пайда болды. Бұл синтетикалық есірткі заттары және өсірілген жаңа есірткілер.
Нашақорлық ұлтымыздың генофондына ғана емес сонымен бірге қоғамымыздың тұрақтылығы мен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіруде.

С.Жалғасбаева
Қармақшы аудындық сотының бас маманы
28 ақпан 2020 ж. 2 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031