» Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Кеудедегі намыс шоғын үрлеп, әрбір іске бел шеше кірісу әрбір қазақ баласы үшін маңызды. Тілінде орамды сөзі, аузында ордалы ойы бар елі мен жерінің гүлденіп, көркею жолында аянып қалмайтын жастар бізге қашанда керек-ақ. Жастар – мемлекеттің болашақ тұтқасы. Жасқа «жас» деп қарау әбестік. Қазақ елі тарихында жас та болса ел билеп көсем болған, шаршы топты шаңдатып шешен болған бала билер мен сөз зергерлері көптеп кездеседі. Мен де қазақ халқының бір перзенті болғандықтан елімнің болашағына бей-жай қарай алмаймын. Өзім секілді әрбір жастың жүрегі Отан деп соғарына сенімдімін. Шүкір дейік, бүгін де жер бетінде ең бейбітшіл, ең тыныштық сүйгіш ел Қазақстан болғанына қуаныштымын әрі мұны мақтаныш санаймын.
Жастар – қашан да қоғамның қозғаушы күші. Бұл тұрғыда мен өз елімнің патриотымын деп зор сеніммен айта аламын. Қайсыбір адам баласы болмасын оның қадір-қасиеті Отанға, елге деген құрмет-қошеметінен бас­тау алады. Отанын, елін, халқын шексіз сүйіп, дәріптеген жас қана болашағына нық қадам баса алады. Туған тілін, салт-дәстүрін, ділі мен дінін әспеттеп, мол мұра санаған жан ғана өз елінің нағыз жанашыры бола алады деген сенімдемін. Бұл ретте мен өзімді бақытты санаймын. Көгімде көк байрағым желбіреп, әнұраным қалықтап тұрса, біз секілді елінің болашағына үлкен үлес қосқысы келетін жастарға бұдан артық байлық, бақ бар ма?! Алайда, осы бір тұста айтқым келгені қай қоғам болмасын есірткісіз болашақты қалайтыны белгілі. Статистика мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отырғаны белгілі. Қаншама адамдар осы есірткіні пайдаланғаннан кейін онсыз өмір сүре алмай, соған тәуелді болады. Ол адамның сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын химиялық зат екенін түсінгілері келмейді. Оның ерекшелігі адам оның бір-ақ рет дәмін татқаннан әуес болады екен. Бұл деген нашақор болдың деген сөз емес, ол басыңа түскен қиындықтардан арылудың ең оңай жолы. Елімізде қаншама отбасы бар, күндіз-түні еңбек етіп, күндерін әзер көріп жатқан. Көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, ақшаның жетпеуі салдарынан қиындыққа төзе алмайтын балалар осындай отбасында тәрбиеленіп, сәтсіздікке ұшырайды. Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса зиянды әрекеттерге бармайды деп ойлаймын. Әр адамның денінің сау болуы өзіне де байланысты. Ол үшін өз денсаулығына зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болу қажет. Бала болғасын ол қанша дегенмен қателеседі, кейбіреулері ата-анасына айта алмай, олардың жұмысбастылығын көріп, досты көшеден іздеп, көп жағдайда қиындыққа тап болып жатады. Ондай кезде менің ойымша, баланы ұрмай, үнемі уақыт тауып, өзіне жақын тартып, сөйлесе білу керек. Ата-ана үшін – бала өмірдің сәні, отбасының шаттығы. Ал оның міндеті – дүниеге келгеннен кейін оларға тәрбие, білім беру, болашаққа қадам бастыртып, осы өмірде өз орнын табуға көмектесу. Ойымды А.Макаренконың мына бір сөзімен қорытындыласам деп едім. «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді».
Өмір – адам баласының ең құнды қа­зынасы, байлығы. Оны сақтау – әр­бірі­міздің басты борышымыз әрі міндетіміз. Қазақстандағы әрбір адам өмір сүруге, білім алуға, бақытты болуға құқылы. Еліміздің, қоғамымыздың болашағы үшін мықты, белсенді болуға ұмтылайық. Соған өз үлесімізді қосайық! Өмірімізді сақтап, жаман, жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Бір-біріміздің қадірімізді білейік, жақсылық жасауға тырысайық.

Аяулым ЖАУДЕТОВА,
Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы
---
17 қараша 2020 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031