» » ЖАСТАР ҮЙІНДЕГІ ЖАСТАР БАСҚОСУЫ

ЖАСТАР ҮЙІНДЕГІ ЖАСТАР БАСҚОСУЫ

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының және аудандық ішкі саясат бөлімімен «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» және жастарға арналып жатқан бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп өту мақсатында кездесу болып өтті. Кездесуді «Жас Отан» жастар қанаты Қармақшы аудандық бөлімінің төрағасы А.Скендіров ашып "Ақпараттық технология заманы". Кім не істеп, не үйренемін десе жолы ашық. Мектеп қабырғасындағы оқушыдан зейнеткер қарияға дейін латын алфавитін толық болмасада ішінара танымайтын адам шамалы, «Латын әліпбиіне көшу ― тіліміз үшін жасалған игі қадам» деп білемін. Өз жалғасын тапқан кездесуде сөз алған «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Д.Қырдан латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ, Латын әліпбиіне көшу Қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп өркедеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөйлем қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ еліміз үшін өте маңызды, ал мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтер болсақ, жастар игілігі үшін жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды әрбір жас тиімі пайдалана білуі керек, жастар деп Елбасымыз сенім артқанда, бүгінгі жастар ертеңге еліміздің болашағы екендерін ұмытпаса екен. Кезекті сөз кезегінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова әр ел келешегінің кемел болуын тікелей жастармен байланыстырады, «Болашақтың тұтқасы - жастар» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әр жыл сайынғы жолдауында жастарға ерекше көңіл бөліп, олар үшін түрлі бағдарламалар қабылдап, нәтижелі жүздеге асуын қадағалап келеді. Сонымен қатар латын әліпбиіне тоқталар болсақ, «Латын әліпбиіне көшу - тіліміз үшін жасалған игі қадам» әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін деп «Жасыл ел», Елбасының бес әлеуметтік бастамасына және дәл қазіргі таңда жастар үшін деп жасалып жатқан кәсіпкерліктідамытудың бір бағыты «ZhasProject» жобасына тоқталып өтіп, таратпа қағаздарын таратып өтті. Кездесу барысында білім алушы жастар Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайында өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Дегенмен қазіргі жастардың ойы ұшқыр, келешекке зор үмітпен, болашаққа сеніммен қарайды деп кездесу кешін қорытындылады «Жас Отан» жастар қанаты Қармақшы аудандық бөлімінің төрағасы А.Скендиров.
28 маусым 2018 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031