» » Алажаздай «жасылелдіктер» не тындырды?

Алажаздай «жасылелдіктер» не тындырды?

 
Жастар саясатын іске асырудағы негізгі міндет – олардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылығын нығайту. Мұны іске асыру үшін елде жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Жалпы, бағдарлама Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауы бойынша қаланған болатын. 2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облысында филиалы ашылды. Біздің өңір де қалыс қалмады. «Мен» деген жастар қатары бой көрсете бастады. Біз көтермек мәселе бұл емес, аудандық «жасылелдіктер» жаз бойы не тындырды?
«Жасыл елдің» мақсаты – жастардың күшiмен елдi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар оларды Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ал, ең бастысы – жылына біршама жасты осы іске тарта отырып, жұмыссыздықты төмендету. Бағдарлама жақсы бастама ретінде бүгінге дейін өз мақсатынан тайған емес. Студент жастардың айналамызды гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысып, бос уақытын игі іске жаратып жатқаны көз қуантады. Сондықтан осындай шараға барлық оқу орны ат салысса, нұр үстіне нұр болар едi.
Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғауды көздеген «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы өз жалғасын таба берері айдан анық. Оның қалыптасу кезінен бастап, елде бірқатар шаралар, пайдалы акциялар ұйымдастырылды. Бастапқыда «не істеу керек?» деген сауал туындаса, қазір «не істелінді?» деп сұрайтын кез де келіп жетті. Осы орайда біздегі жасылелдіктердің атқарған жұмысын атап өтуді жөн көрдік. Жазғы маусымда аудан көлемінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы студент және жұмыссыз 100 жасты жұмыспен қамтылған. Алғашқы маусым айында 26 жас, шілде айында 43 жас жұмыс істесе, тамыз айында 31 жас аудан орталығындағы мөлтек аудандағы егілген ағаштарды күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде.
– Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бері қоғамның қозғаушы күші жастарға ерекше қолдау көрсетіп келеді. Еліміздегі жастар саясатының жүйелі жұмыс істеуі үшін жастарға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама мен жоба жемісті жұмыс істеп келеді. Сол мемлекеттік бағдарламалардың толық орындалуын қадағалайтын және жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің бірі – аудандық жастар ресурстық орталығы. Елбасының қашанда жастардың жағдайын жақсарту, олардың қоғамда өз орынын табуына қолдау көрсетуі бізге серпін береді. Осы ретте, мемлекет қамқорлығын сезініп, ғылыммен мықтап айналысамыз. Білімімізді жетілдіріп, ел игілігіне аянбай еңбек етеміз, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Әділбек Мамыртайұлы.
Қай кезде де жастар жалынды жігерімен, айрықша белсенділігімен қоғамның қозғаушы күші болған. «Жақсы жастан шығады» демекші жас буынның тау қопарар екпіні, толайым күш-қуаты мықты болса керек-ті. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Аянбай еңбек етіп, туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
07 қыркүйек 2018 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031