» » Жасыл желекті «Жасылелдіктер» құрады

Жасыл желекті «Жасылелдіктер» құрады

2011 жылдың 30 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев ҚР Президенті степендианттары иегерлері мен магистрантармен өткізген кездесуінде «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жас­тар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болады», – деп айтқан болатын.
«Мен жастарға сенемін...» деп, Мағжан ақын айтқандай, ел жастарына үлкен үміт артқан Мемлекет басшысының қолдауына болған жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеті – өскелең ұрпақтың рухани дамуын қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелей отырып, елдегі саяси тұрақтылықты нықтау. Сондай-ақ, осы міндеттерді іске асыру үшін елімізде жастарды ұлттық құндылықты қадірлеу мен отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында іс-шара жоспарлары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Міне, сондай игі бастаманың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы.
Бұл құнды жобаның негізі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауы аясында қаланған болатын.
Сондай-ақ, сол жылы Елбасының қолдауы­мен өміршең болған аталмыш жоба аясында Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, оның филиалдары елiмiздiң барлық аймағынан ашылды.
Қазіргі таңда ел жастары жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, барынша атсалысуда. «Біздің келешегіміз жастар. Оларды біз әрдайым қолдап, дұрыс жолға бағыттап отыруымыз керек», – деп Елбасы айтқандай, жастардың іскер­лігімен бағдарлама бүгінгі күні өміршең болды.
Жалпы алғанда, бағдарламаның негiзгi мақсаты – жастарды туған елдi көркейтіп-көгалдандыруға үлесін қосу және жұмыссыз жас­тарды жұмысқа баулу арқылы олардың туған елге деген перзенттік парызын қосуға насихаттау. Сондай-ақ, жоғары және арнаулы оқу орындарынан демалысқа келген студенттер мен ауыл жастарын аталмыш жобаға қатыстыра отырып, жастар арасында мейлінше жұмыссыздықты төмендету.
Расында да, мемлекеттен қолдау тауып отырған республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы жастар үшін құнды бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама студент жазғы демалысын тиiмдi өткiзе отырып, еліне қызмет жасауда. Тіпті, олар келесі оқу жылына қажетті қаражатты да өз маңдай тер еңбегімен табуда. Жастар бiр жағынан елiмiздiң өсіп-өркендеуіне атсалысса, екiншiден әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жарататыны қуантады.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жастарды уақытша болса да жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар басқа да іс-шараларды жүзеге асыруда. Аталмыш бағдарлама ел жас­тарын игі істерге жұмылдыруда үлкен еңбек мектебіне айналды.
Міне, ел жастары арасында аса қуанышпен қолдау тапқан «Жасыл ел» еңбек жасағы Сыр өңірі жастары арасында да бүгінде үлкен қолдауға ие болды. Аймақ жастары осындай игі бастамаға құлшына кірісіп, туған жер әлеуетін арттыруға белсене атсалысуда. Жыл сайын маусым-тамыз айлары аралығында облысымыздың барлық ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында еңбек жасақтары ұйымдастырылып, олар өздері туып-өскен елді-мекенді көркейтіп-көгалдандыруға, абаттандыруға үлесін қосуда. Тіпті, олар еңбектеріне сәйкес жалақы да алуда.
Иә, адал еңбекпен тапқан ақшаның құнды болары анық. Жаз айларының аптап ыстығына қарамастан ата-анама қолқанат боламын, қоғаммен араласамын, бос уақытымды тиімді пайдаланамын деген жастардың қатарында еліміздің барлық өңіріндегі жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген студенттер де бар.
– Студенттердің жазғы демалысы кезінде немен айналысуға болады? Осы ретте, мен өз замандастарыма айтарым, пайдалыны жағымдымен үйлестірудегі ең оңтайлы шешім, ол бүгінде елімізде өткізіліп жатқан «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына қатысу. Бағдарламаға қатысқан әрбір жас біріншіден ақша табады, екіншіден жаңа таныстықтарға ие болып, туған жердің гүлденіп-көркеюіне үлесін қосады. Аталмыш бағдарлама соңғы жылдары еліміздегі ірі студенттік құрылымдардың бірі де бірегейі екенін дәлелдеді. «Жасыл елге» қатысу тәжірибесі болашақ мамандарға өте пайдалы. «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы биылдан бастап жаңа бағытта өрбиді. Енді, бұл ұйым «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басымдық бермек. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы басталды. Өткен жылғы жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында жастар еңбек жасағында студент және жұмыссыз 105 жас жұмыспен қамтылды. Яғни, маусым айында 29 жас, шілде айында 40 жас және 36 жас тамыз айында Жосалы кентіндегі «Мөлтек» шағын ауданында егілген ағаштарды күтіп, баптау жұмыстарын атқарды, – деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы М.Ибраев.
Елбасының қолдауымен елімізде жұмыс­сыз­дықты жою мақсатында көптеген іргелі іс­тер атқарылуда. Жұмыссыздықты азайту мақ­сатында көптеген мемлекеттік бағдар­ламалар да қабылданып, оның орындалуын Мемлекет басшысы өз назарында ұстауда. Міне, Ел­басының туған халқына жасап жатқан осындай қамқорлығын іске асыруда біздің де ауданда ілкімді істер көрініс табуда.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
07 маусым 2018 ж. 2 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031