» » Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Алқалы жиында бірқатар өзекті мәселелер талқыға салынуы тиіс.  Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қандай мәселелер көтеріледі? Рауан Мыңбаев, тілші: - «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы Мемлекет басшысының бес бастамасы төңірегінде өрбитін болады. Жиынға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады. Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясын жүйелік тұрғыда жаңғырту мәселесі де талқыланады. Жалпы бүгін өтетін келелі кеңес саяси ұйымның ең жоғарғы органы екенін атап өткен жөн. Мұндай басқосу партия төрағасының немесе саяси кеңестің шақыртуымен ғана ұйымдастырылады. Сондай-ақ жылына бір мәрте ғана. Бұған дейінгі саяси кеңестің кеңейтілген отырысы былтыр 3 қарашада өткен болатын. Онда президент партияны жаңғырту жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі жиында осы істің орындалуы барысы да талқы таразасына салынуы тиіс.  - Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында нақты қандай мәселе көтеріледі?  Рауан Мыңбаев, тілші: - Жалпы айта кеткен жөн, партия әлеуметтің әлеуетін арттыратын бұл бастамалардың жүзеге асырылуына саяси ұйым қомақты үлес қосып келеді. Оларды жіті бақылауды Елбасының өзі тапсырған болатын. Мәселен, партия жедел желі жұмысын іске қосып, тұрғындарға түсіндіру ісін қолға алды. Бұдан бөлек ресми сайтта 5 бастама арнайы айдары да құрылған.
01 маусым 2018 ж. 1 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728