» » КЕНТ АЖАРЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН АЙШЫҚТАЛАДЫ

КЕНТ АЖАРЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН АЙШЫҚТАЛАДЫ

Адам денсаулығы мен қала мәдениетінің келбетін айшықтауда елдегі көркейту мен көгалдандырудың орны айрықша. Жан-жағыңның жасыл желекке оранып, аптапты күнде көлеңкесін саялағанға не жетеді. Қысы аязды, жазы аптапты өңірде желдің ұйытқып тұратыны ешкімге жаңалық емес. Осындайда армандайсың, шіркін, ең болмаса егілген талдың үштен бірі жыл сайын көктеп-көгерсе, топырақ суырып тұратын өкпек желге ықтасын болар ма еді, кім білсін?
Кентке көрік беретін Дендросаябақ пен Этносаябақ ел иігілігіне берілгенде жұртшылықтың қуанышында шек болмады. Тұрғындар қаладағыдай субұрқақ атылып, балаларымыз мәз болатын болды десті. Алайда, асфальт жолдың екі жағына қатар орналасқан екі саябақтың бүгінгі келбеті елді тамсандырады. Этносаябақ күтулі. Алыстан көктеп-көгерген тал-бұтақтар мен мұндалайды. Ауданның кез келген іс-шарасын өткізуге қолайлы. Бізді ту сыртымыздан көрді ме, сол кезде этносаябақтың бағбанымын деп өзін таныстырған Болатбек Есжанов жанымызға келді.
– Негізінен этносаябақтың бағбанымын. Қосымша дендро-ға көз қырымды саламын. Кезінде бақтағы шыбықтар су келмегесін көктемей қалды, – деді ол.
Көше бойымен алға жылжып, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және «Мәңгілік ел» монументіне келдік. Кенттің кіреберісіне орын тепкен саялы орын жолаушының жанын жадыратады.
Жалпы кенттегі көркейту жөніндегі сауал аудан ардагерлерін де бей-жай қалдырмады. Ел жанашыры Орынбасар Сариевтің пікірінше, кенттегі көркейту-көгалдандыру жұмысында алға басушылық бар. Кенттегі Ардагерлер аллеясы қалай құлпырып тұр. Жастар аллеясына да қызыға қарайсың. Жақын маңдағылар саясына тыныстауға барады. Сырттан келетін қонағыңды қыдыртып аралатуға ұялмайсың. Көктің аты – көк. Жансарайыңды ашып, рахатқа бөлейді. Жылына екі мәрте санитарлық айлық ұйымдастырылады. Осы айлықтың аясында көптеген іс тындырылады. Күл-қоқыс шығарылып, абаттандыру жұмысы жүреді. Қаншама қаламша егіледі. Десе де, егілген көктің көктеп-көгеруі екіталай. Өйткені, аяқсудың келуі көңіл көншітпейді. Әсіресе, соңғы екі-үш жылда егілген жерге су бармай, қурап қалуда. Аяқ судың жетімсіздігі – көкке зиянын тигізуде. Су – барлық тіршіліктің көзі. Кейбір үлкен көшенің бір қапталына су келсе, екінші жағына бармайды. Көгалдандыру үшін ең бірінші дұрыстап суару керек. Бәрі суға байланысты. Жақсылап күтіп-баптап, ұяшыққа топырақ салу қажет. Балаша баптамасаң – болмайды. Тамырлап кетпейтіні сондықтан.
Жосалы кентінің көркейіп-көгалдануына «Жасыл ел» жасағы да біркісідей атсалысады. Жастар ресурстық орталығыныңаға кеңесшісіӘділбек Мамыртайұлының айтуынша, «Жасыл ел» жасағының бірінші ауысымы маусымда ұйымдастырылған. Оған 26 сарбаз тартылса, шілдедегі екінші ауысымына 43 жас қамтылуда. Ал, алдағы тамызға 31 студент жұмыс істейді деп күтілуде. Жасылелдіктер аудандық орман шаруашылығы мекемесінің қарауындағы «жасыл белдеу» аймақтарында көркейту-көгалдандырумен айналысады. Кент аймағындағы 6 гектарды күтіп-баптау – сарбаздарға жүктелген. Мемлекеттік бағдарламаға жастар дән риза. Әрі жоба аясында олардың белсенділігі жоғары. Сарбаздарға бір айға 50 мың теңге көлемінде айлық төленеді.
Сондай жастың бірі – Камила Жәнібекова «Жасыл ел» жасағына биыл үшінші рет өз үлесін қосуда.
– «Жасыл ел» – Елбасының бастамасымен 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама – бұл жастар мен студенттерге үлкен қолдау. Айтулы жобаға үш мәрте қатысудамын. Табысым – оқу-құралдарына, жолақым мен киім-кешекке көмек, – дейді ол.
ТҮЙІН
Тілдей қағазда біреуді сынап, ақыл айтуды мақсат еткен жоқпыз. Бұл жанашырлықтан туған лебіз. Тақыр жерді тастай солдырмай, жасыл желекке айналдырған елдер жетерлік. Қалай айтсақ та, мәселенің ұштығы – суға келіп тіреледі. Дарияның жағасын жайлап, байлығын ойнаған өлкеде су туралы әңгіме қозғағанымыз қызық болды?
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
31 шілде 2018 ж. 1 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031