"МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!"
2019 жылдың 29 қаңтар күні Байқоңыр қаласыныда ҚР ІІМ Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттер арасында өткізіліп жатқан "МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!" тақырыбында отандық, патриоттық əндерді хормен орындау сайысы өтті. Сайыс №277 орта мектеп сахнасында өтті. Сайысқа №273, №274, №275, №277 мектеп оқушылары қатысты. Сайыс мақсаты: жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты жəне қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау. Сайысқа қатысушы-хорлар "Мəңгілік ел", "Жетекшіміз -"Нұр Отан", "Мəңгілік ел жастары", "Туған ел" сынды патриоттық əндерді керемет орындады. Сонымен қатар ынталық білдіре отырып, есірткіге қарсы бағытталған авторлық өлеңдерді мəнісіне келтіріп, кейбір оқушылар бимен, көрініспен, көрнекілікпен түрлендіріп орындап, сайысқа қазылық еткен Қызылорда облысының полиция департаменті ЕБҚКБ аға инспекторы Есалы Алтайұлы мен Қармақшы аудандық білім бөлімінің əдіскері Ақтолқын Тоқшылықованың жоғары бағасына ие болды. Осы сайыс аясында "МЕН ЕСІРТКІ ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРЕМІН..." тақырыбында шығармашылық (эссэ) сайысына қатысқан орта мектептер оқушылары да болды. Барлық сайыстар қорытындысы наурыз айында белгілі болып, үздік нəтиже иелері түрлі бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.