» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін



«Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады», - деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтпақшы, бүткіл әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын тереңге жаюда. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе де осы «есірткі» болып тұр. Қарныңның ашатыны – есірткіге жастардың ішінде мектеп оқушыларының тәуелділігі. Жалпы өзіміз қатарлы жасөспірімдер батысқа еліктегіш болып келеді. Сериалдардағы әртүрлі образдағы әртістер, денелеріне түрлі сурет (наколка)салдырып, темекі, есірткі шеккен қыз-жігіттерді көрген жастар қалай солар сияқты кейіпке енгенін білмей де қалып жатыр . Бір – біріне еріп, бір рет қана қолданамын да тастаймын деген небір жастар есірткіге қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалуда. Есірткіге тәуелді болу деген міне осы.
Есірткінің мақсаты – адамды сана-сезімнен айырып, өзіне тәуелді ету. Соның кесірінен адам түрлі қылмыстық әрекетке, заңға қайшы әрекеттерге баруда. Атап айтар болсам, суицид, ұрлық, адам өлтіруге дейін қабілетті.
Есірткімен күресу жалпы әлемдегі барлық адамзаттың қазіргі таңдағы көкейтесті мәселесі екені даусыз. Сондықтан да одан сақтану, онымен күресіп, жеңу, бойын есірткіден аулақ ұстау- біздің,яғни өскелең жастардың ұстанымы болу керек. Оны болдырмау үшін спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтаған жөн.
Мектебімізде үнемі сайыстар, іс-шаралар өтеді. Шаралардың басты мақсаты – жастарды теріс әрекеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақыру. Уақытты босқа өткізбей, спорттың түрлі секциясына қатысқан балалар есірткі туралы ойламайды. Себебі олардың бос нәрсеге уақыттары да болмайды.
Ал есірткіге үйірлерді , тәуелділерді тоқтатып, оны жою үшін қай жерде отырып, жүрсек те оның адамға қаншалықты зиян екенін айтып, насихаттап жүруіміз керек.
Сондықтан да «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мүмкіндік болғанынша спортпен шұғылданып, денсаулығымызды күтіп, болашағымызды ойлайық, достар.
Айымжан КЕРЕЙТБАЕВА
13 қаңтар 2021 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031