» » ҰЛТТЫҚ ҺӘМ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІГІ

ҰЛТТЫҚ ҺӘМ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЕРЕКШЕ МҮМКІНДІГІ

Биылғы жыл бас муфтидің бұйрығымен елімізде «Ислам және отбасы жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – отбасылық ұлттық және діни құндылықтарды жаңғыртып, қоғамдағы орны мен рөлін айқындауға бағытталған маңызды қадам.
Ислам діні отбасы институтын ерекше бағалап, оның тұтастығы мен тыныштығын басты орынға қояды. Қасиетті Құранда маңызды аят бар: «Сендер бір-бірлеріңмен тыныштықта өмір сүрулерің үшін жұбайларыңды жараттық. Араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салдық» дейді. (Рум сүресі, 21-аят). Бұл аят ер мен әйелдің арасындағы некелік байланыс – тек өмірлік серіктестік қана емес, рухани үйлесім мен жүрек жылуы екенін білдіреді.
Ал Пайғамбарымыз «Сендердің ең жақсыларың – отбасына ең жақсы болғандарың» деп отбасындағы ізгілік пен сыйластықты иманның ең жарқын көрінісі ретінде бағалаған.
Отбасы – қоғамды құрайтын, ұлттың іргетасын қалайтын маңызды фрагмент. Оның басты тіректері бірінші, махаббат пен мейірім – жанұяны бір-біріне бауыр басқан жылы ұяға айналдырады. Екінші, жауапкершілік пен әділдік – отағасы мен отанасының өз міндеттерін адал орындауы шаңырақты берік етеді. Үшінші, тәрбие мен өнеге – ата-ана баланы тек материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп қоймай, оны иманды, ізгі жүректі етіп тәрбиелеуге міндетті. Төртінші, сабыр мен ынтымақ – қиын сәттерде бірбіріне тірек болу – берекенің кілті.
Бүгінде жаһандану мен заманауи ақпарат ағыны отбасылық құндылықтарға түрлі сынақ әкелуде. Ажырасу деңгейінің өсуі, жастардың некеге жеңіл қарауы, ата-ана мен бала арасындағы байланыстың әлсіреуі – қоғам үшін алаңдатарлық жайт. Мұндай кезеңде Исламдағы отбасы үлгісі – тұрақтылықтың, өзара құрмет пен сүйіспеншіліктің айқын жолы.
«Ислам және отбасы жылы» аясында республика көлемінде имамдар, ұстаздар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері бірлесіп, жастарға некенің қасиеті мен жауапкершілігін түсіндіретін, ата-анаға құрмет пен бала тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар өткізуде. Біздің негізі қызметіміз де осы бағытта жұмыла жұмыс жасау.
Отбасы – мемлекеттің берік іргетасы. Ал Ислам – сол іргетасты рухани тұрғыдан күшейтетін темірқазық. Егер әр шаңырақта сүйіспеншілік пен сыйластық салтанат құрса, ол елде бірлік пен береке орнайды.
«Ислам және отбасы жылы» – халқымыздың жүрегіне имандылық пен ізгіліктің дәнін себетін, ұрпаққа өнеге қалдыратын игі бастама. Бақытты отбасы – баянды елдің кепілі.
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
Қармақшы ауданының бас имамы
17 тамыз 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 258
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031