» » Қамқорлық – балаларға

Қамқорлық – балаларға



Сейсенбіде "AMANAT" партиясы аудандық филиалының өкілдері Жосалы кентінде орналасқан "Дәметкен ана" балаларды оңалту орталығында болды. Онда аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Кенжеғұлов, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы С.Райымбаева және аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Ш.Аликеева орталықта әлеуметтік қызмет алып жатқан балалардың жағдайымен, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Орталықта бүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан оңалту шарасы аясында ерекше 8 бала арнаулы әлеуметтік қызмет алуда. Іс-шара аясында қызмет алушы балаларға сый-сияпаттар табысталып, оларға қызмет көрсететін мамандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
– Алдағы кезде де оң бастамалар жалғасын таба береді. Бала денсаулығы мен оның дамуына жағдай жасау – қоғам алдындағы маңызды міндет саналады. Біз әрдайым осындай әлеуметтік қолдау шараларын назарымызда ұстайтын боламыз, – деді іс-шара барысында аудандық филиалдың атқарушы хатшысы.
Бұл кездесудің ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамдағы орнын нығайтып, оларға деген қолдау мен қамқорлықтың арта түсуіне жол ашпақ.
С.ДАТ
14 қыркүйек 2025 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930