» » "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы өкілдері "Дәметкен" оңалту орталығында

"AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы өкілдері "Дәметкен" оңалту орталығында



"AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ. Ақжігітов, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ. Кенжеғұлов, "Қармақшы таңы" газетінің редакторы, Саяси Кеңес Бюро мүшесі С.Райымбаева және аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Ш.Аликеева "Дәметкен" оңалту орталығында болып, әлеуметтік қызмет алып жатқан балалардың жағдайымен танысты. Сонымен қатар, балаларды оңалту шарасына қатысты.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан оңалту шарасы аясында тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар 8 бала арнаулы әлеуметтік қызмет алуда.
Іс-шара барысында балаларға сый-сияпаттар табысталып, орталықтағы қызмет көрсету сапасы мен жағдайға назар аударылды. Қонақтар мамандардың жұмысына жоғары баға беріп, алдағы уақытта да осындай оң бастамалар жалғасын табатынын атап өтті.
"Балалардың денсаулығы мен дамуына жағдай жасау – қоғам алдындағы маңызды міндет. Біз әрдайым осындай әлеуметтік қолдау шараларын назарда ұстаймыз", — деді шара барысында Ғ.Ақжігітов.
Бұл кездесу ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғамдағы орнын нығайтып, оларға деген қолдау мен қамқорлықтың арта түсуіне жол ашады.
10 қыркүйек 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930