» » Мүмкіндігі шектеулі балалар қамқорлықта болады

Мүмкіндігі шектеулі балалар қамқорлықта болады


Бүгінде ұрпақ саулығын ойлаған орталықтардың бірі Жосалы кентіндегі орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Дәметкен Ана" оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылып қызмет көрсетуде.

Орталықтың қазіргі жағдайымен танысу мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев және де тиісті сала басшылары мен орынбасарлары арнайы барып көрді.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында орталықпен бірлескен жұмыстар атқарылатынын атап айтып, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шаралары тиісті заң шеңберінде жүргізілетінін жеткізді.

Бұл орталық ашылғалы талай мүмкіндігі шектелген балалардың үміт оты жанды.

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырманың бірі де осы ұлт саулығы болатын. «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» делінген болатын.

Мекеме директоры Дина Исмайлованың айтуынша мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жүйке-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени секілді бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетумен айналысады.

Мұнда психикалық дамуында тежелу, ақыл-ой кемістігі нашар дамыған, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы, жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларымен, сөйлеу тілінде қатты кемістігі бар, есту қабілеті бұзылған балаларға емдік тұрғыдан бөлек, психологиялық түзеу мен оңалту түріндегі кешенді психологиялық- медициналық, педагогикалық көмек көрсетіледі.

Осындай қамкөңіл балаларға қоғам тарапынан жасалып отырған қамқорлық ел болашағының қамы.

Сонымен бірге қамқорлық танытып жүрген өзге де жаны жомарт азаматтар жоқ емес.

Жеткіншектерге сапалы әлеуметтік қызмет көрсетумен қатар, олардың еңсесін тіктеп, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауына жағдай жасап отырған орталықтың оңды істері шынында да мақтауға тұрарлық.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 ақпан 2021 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031