» » Қармақшы – жаңғырудың жарқын мекені

Қармақшы – жаңғырудың жарқын мекені



Қасиетті Сырдың бойындағы Қармақшы бүгінде жаңару мен жасампаздықтың алтын бесігіне айналды. Кеше ғана өткеннің үнін сақтап келген көне мекен, бүгінде заманауи даму мен өркендеудің символына айналып отыр. Көз сүйсіндірер көркем ғимараттар, жарығы жарқыраған кең көшелер, жаңаша тыныс алған аудан – барлығы бір игі істің, бір мүдденің жемісі.
Соңғы жылдары ауданда ауқымды құрылыс қарқыны ерекше байқалады. Жаңа нысандар бой көтеріп, талай жылдан бері шешімін таппай келген жол мәселесі түбегейлі еңсерілді. Енді ауданның басты көшелері тегіс асфальтталып, қарыштап дамыған келбеті алыстан көз тартады. Түнгі шамдар самаладай жарқырап, әрбір көшенің, әрбір аула мен алаңның сәулесі алыстан-ақ жылу сыйлайды.
Әсіресе, жүрекке жақын бір жаңалық – «Руханият орталығының» бой көтеруі. Бұл – тек бір ғимараттың салынуы ғана емес, ауданның рухани қайта түлеуінің бастауы. Тарихты төрге шығарып, мәдениетті биікке көтерер, елдің өткені мен бүгінін, болашағын байланыстырар қасиетті орда болмақ. Мұнда ата-баба аманаты – асыл мұра ұлықталып, ұрпақ санасына сіңіріледі.
Жастар үшін «Руханият орталығының» орны бөлек. Бұл – олардың шығармашылығын шыңдайтын, білімін толықтыратын, тарихи санасын оятатын алтын көпір. Заманауи кітапхана, мәдени-танымдық шаралар, ғылыми кездесулер – барлығы жас буынның ой өрісін кеңейтіп, оларды елінің жанашыр азаматы болып қалыптастыруға бағытталған.
Қармақшы  –  тарихы тереңде жатқан қастерлі мекен. Енді бұл мекен жаңа заманның тынысын сезініп, жастардың жігері мен елдік мұраттардың тоғысқан ордасына айналып отыр. Бүгінгі жаңарған Қармақшы – ертеңгі өркендеудің кепілі.Қармақшының келешегі кемел. Өйткені мұнда ұлттық рух пен жаңашылдық қатар өріліп, жасампаз идеялар өмірге жол табуда.
Нұрасыл БЕКМАТОВ
02 қыркүйек 2025 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 766

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930