» » ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАЗІРДЕН ҚАМ КЕРЕК

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАЗІРДЕН ҚАМ КЕРЕК

Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен электр қондырғылары және пешпен жылытудың жарамсыздығынан немесе пайдалану ережелерінің бұзылуынан тұрғын секторларында өрттің саны ұлғаяды. Сондықтан еске саламыз! Пешті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
Жылыту маусымы басталар алдында пештерді тексеру және жөндеу қажет. Жылыту пешінің түтіндігі мен басқа да элементін жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде айына кемінде бір рет күйеден тазарту қажет.
Пешті пайдалану кезiнде:
1) жағылатын пештi қараусыз қалдыруға;
2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештiң алдындағы табаққа орналастыруға;
3) қатты отын жағылатын пештi жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға;
6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, ағаш) пеш пен түтiндiктiң бетiнен 0,5 метр кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.
Пештiң оттығынан шыққан қызып тұрған немесе бықсып жатқан күлді өрттің туындауын болдырмайтындай етіп, арнайы қашықтатылған жерге әкетiлуі керек. Шатырдағы мұржалар мен қабырғаларды сылап, канал жолдарын ағарту қажет.
Отынды арнайы жабдықталған үй-жайда немесе бөлінген орында жанғыш құрылымдардан кемінде сегіз метр қашықтықта сақтау керек. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
11 тамыз 2025 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 644
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031