» » Пешті пайдалану ережесін сақтаңыз

Пешті пайдалану ережесін сақтаңыз

 
Қазір шуақты күндерді тиімді пайдаланып үйімізге жөндеу жұмысын жүргізетін мезгіл. «Шанаңды – жазда, арбаңды – қыста сайла» деген халықтың даналық сөзін жылыту пештеріне де қатысты айтуға болады. Осы мезгілде тұрмыстық пешке назар аударып моржасын тазалау немесе жөндеу кезінде тиісті шараларды атқарған жөн.
Себебі 2018-2019 жылу беру маусымында тұрмыстық пештің ақауынан 4 оқиға тіркелсе, 8 азамат  көмір қышқыл газына уланып ауруханаға жатқызылды. Оның 3-еуі балалар. Осы оқиғалардың негізгі себебі – тұрмыстық пешті пайдалану кезінде аңғалдық таныту немесе пештің дұрыс салынбауы (ағаш еден үстіне салынуы, жанғыш қабырғаға тақалып салынуы, моржа мен төбе жабыны арасында арақашықтық сақталмауы) секілді.
Сондықтан тұрмыстық пешке қатысты келесі ереже талаптары ұсынылады:
Жылыту жүйелерi дұрыс жұмыстық күйiнде болуға тиiс.
Түтiн арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдiк тазартуға арналған технологиялық тесiктер қарастырылуға тиiс.
Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн еден астындағы алшақтық кеңiстiгiмен қосуға тыйым салынады.
Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн жертөлелiк және цокольдық үй
жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар арқылы ғана рұқсат етiледi.
Пеш есігінің алды ауданы 0,5 х 0,7 м оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиiс.
Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерiтiндiсiне көлденең төселген кiрпiштердiң бiр қатарымен немесе үстiнде қаңылтырмен жабылған, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендiр картонмен оқшаулануға тиiс, мұндайда пеш түбiнен еденге дейiнгi арақашықтық 100 мм кем болмауы керек.
Жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде:
1) үш айда бiр реттен кем болмай – жылыту пештерi үшiн;
2) екi айда бiр реттен кем болмай – үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс.
Асхана плиталары және үздiксiз (ұзақ мерзiмде) от жағылатын басқа пештер айына бiр реттен кем болмай тазартылып тұруы керек.
– Пешті пайдалану кезiнде:
1) жағылатын пештi қараусыз қалдыруға;
2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештiң алдындағы табаққа орналастыруға;
3) қатты отын жағылатын пештердi жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) пештердi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға;
6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, киiм, ағаш) пештер мен түтiндiктердiң беттерiнен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.
–  Пештiң оттығынан шыққан қызып тұрған немесе бықсып жатқан күлді өрттің туындауын болдырмайтындай етіп арнайы қашықтатылған жерге әкетiлуі керек.
Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердiң оттығының саңылауларына дейiн 1,25 м болатын және пештiң басқа қыздырылатын бөлiктерiне дейiн 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
Уақытша металл пештердi орнатқан кезде, мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуы керек:
1) металл пештердiң табандарының биiктiгi 0,2 м кем болмауы керек;
2) металл пештер мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиiс:
1 м – ағаш құрастырылымдардан, жиһаздан, тауарлардан, көрмелерден, сөрелерден, сатушы үстелдерiнен және басқа жабдықтардан;
0,7 м –  лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан;
1,25 м –  оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейiн.
Металл түтiндiк құбырларды терезе арқылы шығарған кезде оған өңдеудi ауыстыратын өлшемi түтiндiк құбырдың үш диаметрiнен кем болмайтын төбе жабатын темiрден жасалған жайма қоса салынуға тиiс.
Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биiктiгi 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет. Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиiс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.
Жоғарыда көрсетілген норма талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің      410 бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар салынады.
Сол себепті жоғарыда көрсетілген ереже талаптарын орындап тұрмыстық пештеріңіздің қыс маусымына әзірлігін тексеріп немесе жаңадан салынатын пешті білікті мамандарға салдырғандарыңыз өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығына және дүние мүліктеріңізді өрттен қорғауға бірден-бір себебі болар еді.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
С.ӘБЖАЕВА,
аудандық төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау капитаны
24 қыркүйек 2019 ж. 1 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031