» » Жылыту маусымында өрттен абай болыңыз!

Жылыту маусымында өрттен абай болыңыз!

Ерте заманнан бері жылыту мен жайлылықтың көзі болып саналатын пеш бүгінгі күні өкінішке орай қайғылы жағдайларға жиі әкеліп салғырттық салдары адам өліміне әкеп соқтыруда. Соған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 өрт сөндіру бөлімі және Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып аудан көлемінде тұрғындарға үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізуде.
Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың төмендегі қарапайым ережелерін сақтай отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеуге болады. Ол үшін жылу беру маусымы басталар алдында жылыту құралдарын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту керек. Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды. Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсырмаған жөн.
Егер сіз электрлік жылыту пешін пайдалансаңыз, онда оның орнатылуы мен қолданылу ережелерін білуіңіз және сақтауыңыз қажет. Маңыздысы – сіз қолданатын электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы тиіс. Олардың энергияны көп қажет ететін қабылдағыш екенін және үйдегі электр жүйесіне көп жүк түсіретінін естен шығармаған абзал. Электржылытқыштарды жанғыш заттармен жабуға немесе бүркеуге, олардың үстіне кір кептіруге, оларды жанғыш заттар мен материалдардың жанына орналастыруға болмайды, үйден кеткен кезде оларды міндетті түрде өшіру керек.
Осындай тосын жағдайлардың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлері арнайы дайындалған жадынамалар таратып, ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сақтансаң, сақтаймын дегендей, тұрғын ретінде сіз де өз отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін жоғарыдағы ережелерді сақтағаныңыз жөн. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
04 қараша 2024 ж. 136 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031