» » «Таза моржа» акциясы ұйымдастырылуда

«Таза моржа» акциясы ұйымдастырылуда

Аудандық жергілікті атқарушы органдар, газ қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығы және ерікті волонтерлердің қатысуымен кент тұрғындарына жылу беру маусымына дайындалып, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, пеш моржаларын уақытылы тазартуларына байланысты «Таза моржа» акциясы жүргізілуде. Тұрғындарға үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ негізгі автокөлік және дауыс зорайтқышпен кент көшелерінде тұрғындарға қауіпсіздік ережелері насихатталуда.Осы орайда айта кеткен жөн, тұншықтырғыш улы газбен иістенуден аулақ болу үшін мына ережелерді сақтаған жөн.
Жылу пештерінің ақаусыз болуын ескеріп, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелері кез келген пештің өрт қауіпсіздігі талаптарына қатаң сәйкес болуы шарт. Мәселен, пеш ағаш тәріздес тез тұтанатын қабырғалар мен аралық қабырғалардан қашық орналасуы, шатырдағы түтін шығаратын моржа мен қабырғалар ақаусыз, ешқандай сызаттарсыз жарамды әктелген күйде болуы тиіс. Моржалар мен пештерді жиналып қалған күйелерден екі айда бір рет тазалап тұру қажет. Жанып тұрған пешті де қараусыз қалдыруға болмайды.
Тұрғын үйлерде қолдан жасалған уақытша пештерді, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес металл пештерді өздігінен орнатуға тыйым салынады. Аудандық Төтенше жағдайдар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін әрдайым есте сақтап, көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу үшін жылыту маусымында жылыту пештерінің жарамдылығын тексеруді сұрайды.
«ҚТ» ақпарат
18 қазан 2024 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930