Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін сақтайық
Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса өрт оқиғалары жеке тұрғын үйлерде көп орын алып отыр. Дұрыс күтім жасалмаған, сондай-ақ дұрыс салынбаған жылыту пештері талай азаматтарды сансоқтырып жатыр. Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет тазартылып отыруы қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылуы қажет. Түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құрам мен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс. Бұндай бос аралық көлемі балабақша, аурухана, мектептерде, асханаларда көлемі 51 сантиметр болуы шарт. Жылыту пешінің алдында еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылыту пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып, темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 м қашықтықта орнатылуы тиіс. Негізінен пешті арнайы маман кісілерге солдырған жөн. Қыстың күні боранда пештің тартпай қалуы немесе саңылауларынан түтін (от) шығу салдарынан оны қайта салып әбігерге түспес үшін, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай етіп салу қажет. Пеш дұрыс жанбаған, немесе айналасынан жалын, түтін шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс. Өрт – тілсіз жау. Аяқ астынан шыққан өрт зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі толыққанды сақтық шараларын жасауы керек.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.