» » Тұрғындардың назарына

Тұрғындардың назарына

Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары жиі кездесіп жатады. Қыстың күні ауа-райы суық болған кезде үйді жылыту үшін отты шамадан тыс көп жағылып, тозығы жеткен, дұрыс күтім жасалмаған ескі жылу пештерінің, сондай-ақ, дұрыс соғылмаған жылу пештері талай азаматтарды сан соқтырып жүр.
Осыған байланысты жылу беру маусымында адам қазасына жол бермеу және материалдық шығынды болдырмау мақсатында жылу пештеріңізді мұқият тексеріңіздер. Негізінен ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет. Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдары мен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа қарсы төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пайдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс. Жылу пешінің алдындағы еден көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды. Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бір қатар кесек өріліп, батпақпен сыланып, содан кейін темір пеш орнатылады. Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздардан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 метр қашықтықта орнатылуы тиіс. «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. Дұрыс салынбаған жылу пешінен, қыстың күні боранда пештің тартпай қалуы немесе саңылау-
ларынан от қашуы салдарынан өрт шығу қаупі болады. Пеш дұрыс жанбаған, түтін жолдары тартпаған немесе жан-жағынан жалын қашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс.
Құрметті тұрғындар! Бұл айтылып отырған ескертпелер, мысалдар Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін. Өз тұрғын үйіңізде өрт оқиғасын болдырмауға тырысыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтағандарыңыз абзал.
 «Жосалы кенті әкімі аппараты» КММ
20 қыркүйек 2022 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 245

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 347

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930