ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТТЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!
Ерте заманнан бері жылыту мен жайлылықтың көзі болып саналатын пеш бүгінгі күні өкінішке орай қайғылы жағдайларға жиі ұшырап, адам өліміне әкеп соқтыруда. Соған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі №10 ӨСБ-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып аудан көлемінде тұрғындарға үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұл өрт қауіпсіздігі саласындағы ең ауыр қиындықтардың біріне айналып отыр. Жылыту құралдары мен пештерді пайдаланудың төмендегі қарапайым ережелерін сақтай отырып, қайғылы жағдайларға жол бермеуге болады.
– Жылу беру маусымы басталар алдында жылыту құралдарын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– Жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;
– Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажет;
– Пештерді қатты қыз дыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін жанармай, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайды;
– Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайды; Егер сіз электрлік жылыту пешін пайдалансаңыз, онда оның орнатылуы мен қолданылу ережелерін білуіңіз және сақтауыңыз қажет:
– Электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет;
– Олардың энергияны көп қажет ететін қабылдағыш екенін және үйдегі электр жүйесіне көп жүк түсіретін естен шығармау қажет;
– Электр жылытқыштарды жанғыш заттармен жабуға немесе бүркеуге, олардың үстіне кір кептіруге, сондайақ жанғыш заттар мен мате риалдардың жанына ор наластыруға болмайды.
Қармақшы аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі