» » ҚОҒАМДЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

ҚОҒАМДЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ


Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кент, ауылдық округінің әкімдері мен бірқатар сала мамандардың қатысуымен «Қарызсыз қоғам» жобасы, Ұлттық жобалар, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары бойынша жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлы төрағалық етті.

«Жастар практикасы» мен «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламаларының орындалу көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов және «Мансап» орталығының директоры Орынбек Мұнарбаев әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысы туралы баяндамаларын ұсынды. Сондай-ақ, «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты мен оны ауылдық деңгейде іске асыру жобалары да сөз болды.

Мемлекеттік қызметтегі этикалық талаптар және олардың сақталу маңыздылығы да назардан тыс қалмады. Бұл бойынша кадр жұмысы (Персоналды басқару) бөлімінің басшысы Нұржан Тоқшылықов Әдеп кодексі талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді. Барлық ауылдық округ әкімдеріне және мамандарға бағдарламалар бойынша жұмыстарды толық әрі мерзімінде орындау тапсырылды.

05 тамыз 2025 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 645
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031