» » Абай мұрасы - қазақтың алтын қазынасы

Абай мұрасы - қазақтың алтын қазынасы

Абайдың шығармаларында ел бірлігі, ғылым-білімге ұмтылу, адалдық, адамгершілік сынды тақырыптар терең қозғалады. Ол халқын өнер-білімге үндеп, надандықпен күресті. Абайдың қара сөздері бүгінгі күнге дейін өзекті, себебі олар адамның ішкі жан дүниесін, мінезін, өмірлік қағидаларын сипаттайды. Қара сөздеріндегі адам болмысы, мінез-құлық, ұлттық тәрбие, дін мен ғылымның маңызы терең талданады. Әсіресе, жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі- ішсем, жесем ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, хәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі- білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, « ол немене?», бұл не?» деп, «бұл неге бүйтеді? Деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі- жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген ойлары қазіргі қоғамға да айна. Абай айтқан: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым....»-деген жолдар қазір де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абай мұрасын насихаттау- ұлттық сананы оятудың үлкен жолы.Осы орайда халық та, билік те, жастар да Абайға қайтадан жаңаша үңіліп жатыр деуге болады.
Мерейтойға байланысты елімізде өткізіліп жатқан көптеген мәдени және рухани іс-шаралар қазақ халқының асыл мұраға деген құрметті арттырып, жастарды Абай іліміне, оның қара сөздері мен өлеңдеріне қайта үңілуге себеп болды. Абайдың ілімі- тек өткеннің емес, қазіргі мен болашақтың да темірқазығы.Ол ұлтты оятуға, сананы жаңғыртуға үндейді. «Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сен де бір кірпіш дүниеге» сияқты туындылары-мәңгілік мағынаға ие рухани нұсқаулық.
А.Қазыбеков,
Қармақшы аудандық сотының судьясы 
































17 шілде 2025 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031