ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӘЛЕМ
Зорлық-зомбылық неден туады? Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істеп жатырмыз және не істеуіміз керек? Біз тұғыры биік, керегесі кең егеменді елміз, қылығы таза қыз бен арғымаққа мінер ұл өсірген халықпыз. Ал, тәуелсіз елде зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы дерлік отбасынан бастау алады. Сондықтан қоғамды тазарту үшін ең алдымен отбасындағы тәрбиелеу жұмыстары мен сауаттылықты дұрыстауымыз қажет. Қоғамның үлкен бір кеселіне айналған отбасындағы зорлық-зомбылық, мектеп қабырғасындағы күш көрсетулер, жұмыскерлер арасындағы мардымсыз талаптар. Тек келіспеушілік салдарынан туған зорлық-зомбылық қана емес, барша адамның жауына айналған ішімдік секілді зиянды нәрселердің салдарынан қарапайым жанұядағы балалардың ата-анасынан зардап шегуі, көше кезіп, далаға түнеуі.
Өмір дейтін табалдырықты аттаған балалардың зардап шегуімен қатар, өмір есігін жаңа ашқан перзенттердің далада тасталуына не дерсіз? Бұл да қоғам дерті. Ал, дала баласы болып өскен, өз анасының ақ сүтімен дарыған ақылы мен әкесінің қаталдығын көрмей өскен баладан біз зорлықзомбылықты күтпейміз деп айта аламыз ба? Жоқ, ананың бесік жыры, отбасында сақталатын ережелер, тәрбие мен туыс арасындағы салт-дәстүр әрбір жанның мінезқұлқын қалыптастыратын бірденбір құрал, жүрегінен өшпес таңба. Қоғам дертінің етек алуы отбасынан бастау алады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары іске асырылуда.
«Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын бабамыз Әбу-Насыр әл Фараби. Сол себепті тәрбиені түзегеніміз – қоғамға дерт емес, абырой алып келер азамат пен азаматша өсіргеніміз. Зорлық-зомбылықтың санын емес, зорлық-зомбылықты жою қамын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана зорлық-зомбылықтың қоршауынан шығамыз. Қысымсыз өскен өскелең ұрпақ – біздің жарқын болашағымыздың кепілі.
Құрметті аудан тұрғындары!
Елімізде кез келген бала мен әйел адамдар көмек сұрап, хабарласа алатын «105» және «111» сенім телефоны жұмыс істейді. Атап айтқанда, отбасылық тұрмыстық қарым-қатынастар аясында зорлықзомбылық көрген немесе куә болған азаматтар назарына облыс көлемінде орналасқан «Самұрық», «Жан», «Аналар үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлардың сенім телефондарын ұсынамыз: «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту дағдарыс орталығы 8 (7242) 30-25-40, 8-777-340-87-34, «Жан» дағдарыс орталығы 1-16-16, «Ана Үйі» қоғамдық қоры 14-22.
Сонымен қатар «102» арнасына және сенім телефонының WhatsAppта «87052081468» нөмірі де бар. Қармақшы аудандық полиция бөліміне хабарласып, болған жағдайды айтып, арыз-шағым қалдыра аласыздар.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі