» » Зорлық - зомбылыққа жауапкершілік күшейеді

Зорлық - зомбылыққа жауапкершілік күшейеді

qarmaqshy-tany.kz Отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты. «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады» деген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайтынын баса айтып, аталған қылмыстың жазасы күшейтілетінін мыстың жазасы күшейтілетінін жеткізді. «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет» деді ол.
Ал ендігі мәселенің бірі – зорлық-зомбылық неден туады? Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істеп жатырмыз және не істеуіміз керек? Біз тұғыры биік егеменді елміз, қылығы таза қыз бен арғымаққа мінер ұл өсірген халықпыз.
Ал тәуелсіз елде зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы дерлік отбасынан бастау алады. Сондықтан қоғамды тазарту үшін ең алдымен отбасындағы тәрбие мен сауаттылықты дұрыстауымыз қажет. Қоғамның үлкен бір кеселіне айналған отбасындағы зорлық басындағы зорлық-зомбылық, мектеп қабырғасындағы күш көрсетулер, жұмыскерлер арасындағы орынсыз талаптар. Тек келіспеушілік салдарынан туған зорлық-зомбылық қана емес, барша адамның жауына айналған ішімдік секілді зиянды нәрселердің салдарынан қарапайым жанұядағы балалардың ата-анасынан зардап шегуі, көше кезіп, далада түнеуі де осы санаттағы дүниелер.
Өмір дейтін табалдырықты аттаған балалардың зардап шегуімен қатар, өмір есігін жаңа ашқан перзенттердің далада қалуына не себеп? Бұл да қоғам дерті. Оның етек алуы отбасынан басталады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары іске асырылуда.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген болатын Әбу Насыр әл-Фараби. Сол себепті тәрбиені түзегеніміз – қоғамға дерт емес, абырой алып келер азамат пен азаматша өсіргеніміз. Зорлық-зомбылықты жою қамын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана оның қоршауынан шығамыз. Қысымсыз өскен өскелең ұрпақ – біздің жарқын болашағымыздың кепілі.

Құрметті аудан тұрғындары! Елімізде кез келген бала мен әйел адамдар көмек сұрап, хабарласа алатын «105» және «111» сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар зорлыққа ұшыраған адам «102» арнасына және сенім телефонының WhatsApp-та «87782830954» нөмірі де бар. Аудандық полиция бөліміне хабарласып, болған жағдайды айтып, арыз-шағым қалдыра аласыздар.

А.КАСИМОВА, аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны

11 қараша 2022 ж. 919 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 383

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930