» » ӘРБІР ІС – ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН

ӘРБІР ІС – ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. 2022 жылдан бастап 24 маусымда судья және сот қызметкерлері күні аталып өтілуде. Бұл – еліміздің сот жүйесінде қызмет етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Сот – мемлекеттіліктің тірегі, Конституция мен заңдардың орындалуын қадағалайтын маңызды институт.
Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі – әділеттілік пен адам құқығын қорғаудың берік негізі. Сот төрелігі ашықтық пен әділдікке сүйеніп, қоғамда сенім мен тұрақтылық орнатуға қызмет етеді. Сот қызметкерлерінің күнделікті жұмысы – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап етеді. Судьялардың, кеңсе мамандарының, көмекшілер мен архив қызметкерлерінің еңбегі қоғам тыныштығы мен заңдылықтың кепілі болып табылады. Олардың әділ шешімі, білімі мен кәсіби шеберлігі – азаматтардың құқықтарының қорғалуына тікелей әсер етеді. Бүгінгі таңда сот жүйесін цифрландыру, сот процесін жеңілдету, сотқа деген сенімді арттыру бағытында көптеген реформа жүзеге асуда. Бұл – халықтың әділ сотқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған игі бастамалар.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ал заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Ендеше, судьяның әділ төрелікті дөп басып айтуы маңызды. Осы бағыттағы сот жүйесіндегі реформалар тәуелсіз Қазақстанның Жаңа Қазақстанды құру жолында әділ сот төрелігі үшін судьялардың жауапкершілігін, көтерер жүгін арттырады. Сот саласында еңбек ететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері үлкен жауапкершілікті талап ететіні анық. Судья – сот саласының тірегі болса, ал сот ғимаратына кірген азаматтарды қабылдап, сұрақтары бойынша бағыт бағдар беретін сот кеңсесінің мамандары.
Сот әкімшісі басшысы – сот кеңсесінің жұмысы мен соттағы іс жүргізуді ұйымдастырады. Бас маман – сотқа түсіп қаралған істер мен материалдар бойынша іс қағаздар жүргізу, істерді қабылдау, есепке алу, сақтау және сараптамалық есептер жүргізіп отырады. Бас мамансот отырысының хатшысы – сот отырысын толық ұйымдастырып, азаматтардың сотқа келуін қамтамасыз етіп, сот отырыстарының хаттамаларын әзірлейді. Аға сот приставы – сот отырысы кезінде залда тәртіп сақтау, сот үйлерін күзетуді, судьяларды және процестің қатысушыларын күзету қызметтерін жүзеге асырады. Жетекші мамандар сот жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіп, кіріс шығыс журналдарын толтырып, мұрағат қызметін ұйымдастырумен айналысады. Мінекей, осындай сала мамандары үлкен істердің басын құрап, еліміздің сот жүйесін ілгері дамытуда еңбек етуде. Осы айтулы күні барша сот саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, табыс пен шыдамдылық, отбасыларына амандық тілейміз. Әр істеріңіз – елдің ертеңі үшін!
Қ.МЫХАНОВ,
Қармақшы аудандық сотының төрағасы
24 маусым 2025 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 998
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031